Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-ның Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік полицияның екі модульдік бекеті ашылды

СҚО-ның Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік полицияның екі модульдік бекеті ашылды
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданындағы Имантау-Шалқар курорттық аймағында туристік полицияның заманауи екі модульдік бекеті пайдалануға берілді. Ашылу салтанатына жергілікті тұрғындар, облыс әкімі аппаратының басшысы Руслан Әлишев, облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров және аудан әкімі Мейрам Меңдібаев қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Шалқар мен Имантау көлдері жыл сайын ондаған мың туристі қабылдайды. Соның үшін бұл аумақтағы жол қозғалысы жыл бойы дерлік қарқынды. Бұған дейін ауыл тұрғындары мен демалушылардың қауіпсіздігін негізінен учаскелік полиция инспекторы қамтамасыз етсе, енді бұл жұмыс туристік полиция қызметкерлерінің күшімен нығайтылды. Жергілікті биліктің қолдауымен полицейлерге қызмет атқаруға және азаматтарды қабылдауға қолайлы жағдай жасалды.

– Мұндай жобалар мемлекетіміздің өңірімізде өмір сүруге, еңбек етуге және қауіпсіз демалуға қолайлы жағдай жасауға ұмтылысын нақты көрсетеді. Туристік полиция – қызметкерлерден жоғары біліктілікті талап ететін заманауи жұмыс форматы. Өз кезегінде жергілікті билік құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық базасын жүйелі түрде нығайтып келеді. Тек биылдың өзінде оны жаңғыртуға 4,5 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінді, – деді Руслан Әлішев.

Аудандық полиция бөлімінің мәліметінше, Шалқар көлінің жағалауында 23 демалыс орны жұмыс істейді. Бұған дейін полицейлер оларға аудан орталығынан 33 шақырым жол жүріп, 20-35 минутта жететін. Жаңа модульдік бекеттер Айыртау ауылының учаскелік полиция пунктінен 9 шақырым, Лобаново ауылының учаскелік полиция пунктінен 15 шақырым қашықтықта орналасқан. Бұл шақырту орнына жету уақытын үш есе қысқартып, 5-10 минутқа дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Нәтижесінде қылмыстарды "ізін суытпай" ашу және жол қозғалысын бақылау тиімділігі артады.

Жылыту жүйесімен жабдықталған модульдерде азаматтарды қабылдауға арналған кабинет, шағын асүй мен жатын бөлме, душы бар санитарлық торап қарастырылған. Сондай-ақ мониторлар арқылы сыртқы бейнебақылау камераларынан түсетін кескіндер көрсетіледі. Ғимараттардың жанынан гараж және турник орнатылған воркаут алаңы да салынған. Салтанатты ашылу барысында тәртіп сақшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің, квадроциклдердің және жылжымалы полиция пункттерінің кілттері табысталды. Облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров ІІМ-нің қоғамда "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайту жөніндегі тапсырмасы нақты істер арқылы жүзеге асып жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, модульдік бекеттердің іске қосылуы көрікті курорттық өлкенің тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жаңа кезеңге жол ашады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды