Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада демалыс күндері «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтіп жатыр

Астанада демалыс күндері «Соғым-FEST» жәрмеңкесі өтіп жатыр
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астанада екі күннен бері өтіп жатқан «Соғым-FEST» жәрмеңкесінде тұрғындарға сиыр, жылқы және қой еті нарықтағыдан тиімді бағамен ұсынылды. Биыл жәрмеңке елорданың үш сауда алаңында өтіп жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Ұйымдастырушылар «Соғым-FEST» – қазақ халқының ежелден келе жатқан соғым дәстүрін жаңаша форматта жалғастырып, отандық фермерлер мен қала тұрғындарын бір алаңға тоғыстырған жоба екенін айтады.

Жәрмеңкеде сиыр етінің бір келісі 3 300 теңгеден, жылқы еті 3 500 теңгеден, ал қой еті 3 700 теңгеден сатылды.

Сонымен қатар, Сауда алаңына шығарылған барлық ет өнімі алдын ала зертханалық тексеруден өткізіліп, олардың сапасы мен қауіпсіздігіне бақылау жасалды.

«Ет – қарапайым халықтың ең көп тұтынатын негізгі азық-түлігінің бірі. Сондықтан мұндай жәрмеңкелердің ұйымдастырылуы өте орынды.

Мұнда тұрғындар етті өздеріне тиімді бағамен сатып ала алады. Өзім Арқалық жақтан боламын. Жаңа ғана сол өңірден жеткізілген жылқы етін алдым. Бағасы да қолжетімді – келісі 3 500 теңгеден. Жалпы, 25 келі ет сатып алдым. Осындай жәрмеңкені ұйымдастырған азаматтарға және қала әкімдігіне алғысымды білдіремін», – дейді тұтынушы Бердіқұл Айнияз.

Айта кетейік, «Соғым-FEST» жәрмеңкесі Keruen Joly сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б; «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1; Jurt сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3 сынды елорданың үш сауда алаңында ұйымдастырылды.

Жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды