Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан ЭЫҰ қызметінің тиімділігі мен практикалық нәтижелілігін арттыруды қолдады

Қазақстан ЭЫҰ қызметінің тиімділігі мен практикалық нәтижелілігін арттыруды қолдады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев ү.ж. 15-16 қарашада Исламабад қаласында өткен Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысына қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кездесу барысында қатысушылар ЭЫҰ-ны одан әрі дамыту, оның қызметінің тиімділігін арттыру және өңірлік экономикалық ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын талқылады. Ұйымның институционалдық тетіктерін жетілдіруге, қабылданатын шешімдердің практикалық нәтижелілігін арттыруға, сондай-ақ тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге және өңірлік экономикалық интеграцияны тереңдетуге бағытталған жаңа басым бағыттарды айқындау мен бірлескен бастамаларды іске асыруға ерекше назар аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша Исламабад коммюникесі, «2035 жылға дейінгі экономикалық ынтымақтастықтың стратегиялық мақсаттары» атты бағдарламалық құжат, Сыртқы істер министрлері кеңесінің 30-отырысының есебі, сондай-ақ Ұйым Хатшылығының 2027 жылға арналған бюджеті қабылданды.

Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Пәкістан Премьер-министрі Шахбаз Шарифпен ұжымдық кездесу өтті. Кездесу барысында Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері жөнінде пікір алмасты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды