Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Камбоджаның үкіметтік делегациялары сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады
Фото: primeminister.kz

Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектенов Астанаға алғашқы ресми сапармен келген Камбоджа Корольдігінің Премьер-министрі Хун Манетпен келіссөздер жүргізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Камбоджаны Оңтүстік – Шығыс Азиядағы маңызды және сенімді серіктес ретінде қарастырады.

Үкіметтік делегациялар сауда және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықтың әлеуетін ашу шараларын талқылады.

Агроөнеркәсіп және көлік-логистикалық кешендердегі, цифрландыру мен жасанды интеллекттегі, сондай-ақ туристік және гуманитарлық байланыстарды дамыту саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері қаралды.

Тауар номенклатурасын кеңейту және іскер топтар арасында жаңа тікелей байланыстар орнату бағыттары айтылды. Камбоджаның қаржы және іскерлік қоғамдастығының өкілдері бірлескен жобаларды жүзеге асыру және өңірде инвестициялық қатысуды кеңейту үшін АХҚО мүмкіндіктерін пайдалануға шақырылды.

Агроөнеркәсіп кешенінде Премьер-министр Олжас Бектенов Камбоджа нарығына қазақстандық дәнді дақылдарды, өсімдік майларын, ет және ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдеу өнімдерін жеткізуге қызығушылық білдірді. Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және сақтау, заманауи ирригациялық технологияларды енгізу және аграрлық кооперацияны дамыту саласындағы бірлескен жобалардың перспективалары қаралды.

Көлік-логистика саласында Транскаспий халықаралық көлік бағытын Қытай – Лаос – Вьетнам – Камбоджа дәлізімен ұштастыру мүмкіндіктері талқыланды. Бұл бастама Оңтүстік – Шығыс және Орталық Азия арасындағы көлік байланыстарын кеңейтуге және еуропалық нарықтарға жүктерді жеткізу үшін қосымша жағдай жасауға мүмкіндік береді.

Екіжақты әріптестіктің перспективалы бағыттарының ішінде цифрландыру және жасанды интеллект, туризм салалары да аталған.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан – Камбоджа қатынастарын одан әрі дамытуға, іскерлік байланыстарды кеңейтуге және сауда-экономикалық ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша бірлескен бастамаларды практикалық жүзеге асыруға дайындық расталды.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды