Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда Skill All жобасы аясында 2 мыңнан астам жас тегін білім алды. Қатысушылар IT, маркетинг, дизайн және іс-шара ұйымдастыру салаларында сұранысқа ие мамандықтарды меңгеріп, алған білімін жұмысқа орналасу мен жеке жобасын дамытуға пайдаланып жүр. Бұл туралы Алматының Жастар саясаты басқармасының өкілдері мәлім етті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

2026 жылы 2 қарашадағы мәлімет бойынша курстардан 2 058 адам өткен. Жоба аясында 67 офлайн курс ұйымдастырылды. Сонымен қатар JasAlmaty.kz платформасында қазақ және орыс тілдерінде 30 онлайн білім беру бағдарламасы қолжетімді.

Жоба түлектерінің бірі Нұриттин Орынбеков. Ол іс-шара ұйымдастыру курсын аяқтағаннан кейін Nauryz Fest фестивалін өткізді. Бастапқыда шараға 500-600 адам келеді деп жоспарлағанымен, шын мәнінде мың билет сатылған.

Гүзеля Тұрғанова осындай курстан кейін City Makers қалалық фестивалінде ақылы тағылымдамадан өтіп, өнерпаздармен жұмыс істеді. Кейін іс-шара ұйымдастырумен айналысатын компанияға басшының көмекшісі болып жұмысқа орналасты.

Тағы бір түлек Әсет Хисаров бренд-менеджмент курсын аяқтап, осы бағыт бойынша жұмысқа орналасты. Оның айтуынша, курста алған білімі брендті ілгерілетуге, коммуникация орнатуға және жобаларды ұйымдастыруға көмектеседі.

Кәсіпкер Әлібек Оразалиев таргеттелген жарнама курсын өзіне тиесілі автокөлік қозғалтқыштарына қызмет көрсету бизнесін дамыту үшін пайдаланды. Оқу аяқталғаннан кейін сатылым көлемі мен жарнаманың қамту көрсеткіші артқанын айтты. 

Skill All жобасы аясында жастар Python бағдарламалау тілін, QA-тестілеуді, графикалық дизайнды, маркетингті, жобаларды басқаруды және жасанды интеллект құралдарын тегін меңгере алады. Сондай-ақ сәулеттік жобалау мен BIM-модельдеу курстары да бар.

Офлайн сабақтар Алматыдағы жастарға арналған комьюнити орталықтарда, жоғары оқу орындары мен білім беру ұйымдарында өтеді. Жоба мемлекеттік жастар саясаты аясында жүзеге асырылып жатыр. Оның ішінде жұмыс істемейтін және оқымайтын NEET санатындағы жастарды да оқытуға басымдық берілген.

Оқу бағдарламаларымен JasAlmaty.kz сайтында танысуға болады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды