Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Топ-20: Елімізде туризмді дамытуға жайлы өңірлердің тізімі бекітілді

Топ-20: Елімізде туризмді дамытуға жайлы өңірлердің тізімі бекітілді
Фото: pixabay.com

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев жуырда туризмді дамыту саласындағы 2023 жылғы қызмет қорытындылары мен 2024 жылға арналған басым міндеттер туралы алқа отырысында Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басым аумақтардың тізімі 10-нан ТОП-20-ға дейін кеңейтілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Қазақпаратқа сілтеме жасап.

ҚР Туризм және спорт министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстандағы ТОП-20 басым туристік аймақтың толық тізімі мынадай: Хан Ордасы (БҚО), Қарғалы су қоймасы (Ақтөбе обл.), Туристік кешен (Қостанай обл.), Щучье-Бурабайдағы «Ақбура» курорттық аймағы (Ақмола обл.), Имантау-Шалқар курорттық аймақтары (СҚО), Баянауыл (Павлодар обл.), Катон-Қарағай курорттық аймағы (ШҚО), Алакөл курорттық аймағы (Абай обл., Жетісу обл.), Түрген-Қаскелең тау кластері (Алматы қ., Алматы обл.), «Көксай resort» (Жамбыл обл.), Балқаш (Қарағанды обл.), Түркістан (Түркістан обл.), Байқоңыр ғарыш айлағы (Қызылорда обл.), Ұлытау ауылы (Ұлытау обл.), Жылы жағажай (Маңғыстау обл.), Сарайшық қалашығы (Атырау обл.), Шымкент – гастрономиялық туризм орталығы (Шымкент қ.) және Туристік аудан (Астана қ.).

Ішкі туризм ағынының серпінді өсуін ескере отырып, министрлік жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп аталған туристік бағыттарда инфрақұрылымды дамыту бойынша жол карталарын әзірледі.

Еске сала кетсек, Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев ведомствоның таяуда өткен кеңейтілген алқа отырысында отандық туристік орындардың тізімі ТОП-10-нан, 20-ға дейін кеңейтіні туралы айтқан еді.

 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді