Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Оралда Ұлттық ұлан қатары 200-ден астам жас сарбазбен толықты

Оралда Ұлттық ұлан қатары 200-ден астам жас сарбазбен толықты
Фото: polisia.kz

Орал қаласындағы 5517 әскери бөлімінде 200-ден астам жас сарбаз әскери ант қабылдап, Ұлттық ұлан қатарына қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Биылғы күзгі шақырылым бойынша жас толым Ақтөбе, Алматы және Маңғыстау облыстарынан барған. Бір ай бойы алғашқы әскери даярлықтан өткен сарбаздар саптық дайындықты меңгеріп, әскери жарғылармен танысты. Салтанатты рәсімге еліміздің әр өңірінен барған 500-ге жуық ата-ана мен жақын туыстары қатысып, перзенттерінің маңызды сәтіне куә болды. Әскери ант – Отанға адал қызмет етуге, халық пен ел қауіпсіздігін қорғауға берілген қасиетті серт. Қатардағы жауынгер Амир Хасан бұл күннің өзі үшін ерекше екенін атап өтті.

– Бүгін мен үшін ұмытылмас күн. Әскери ант қабылдау – үлкен жауапкершілік. Ата-анамыздың үмітін ақтап, Отан алдындағы борышымызды адал атқаруға дайынбыз, – деді ол. 

Енді жас сарбаздар жауынгерлік даярлықтың келесі кезеңіне кірісіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықтық тәртіпті сақтау және маңызды мемлекеттік нысандарды күзету міндеттерін орындауға дайындалады. 

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды