Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарлануда

Қазақстанда риелторлық қызметке бірыңғай талаптар енгізу жоспарлануда
Фото: ҚР Сауда және интеграция министрлігі

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Құрылтай депутаттарымен және кәсіби қауымдастық өкілдерімен бірлесіп, риелторлық қызметті реттеу шараларын әзірлеуде. Оның мақсаты көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру, азаматтардың құқықтарын қорғау және риелторлар жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап.

Ең алдымен, риелторлық қызмет көрсетудің бірыңғай қағидаларын енгізу. Онда риелторлардың жұмыс тәртібі, клиенттермен келісімшарт жасау және қызмет көрсету талаптары нақты белгіленеді. Әсіресе, келісімшарттың мазмұнына баса назар аударылады – оның құны, комиссия мөлшері мен төлеу тәртібі, сондай-ақ екі тараптың құқықтары мен міндеттері анық жазылуы тиіс.

Тағы бір маңызды ұсыныстардың бірі – риелтор қызметіне тапсырыс бермеген азаматтардан комиссия талап етуге жол бермеу. Клиент риелитор кімнің мүддесін қорғайтынын және қандай қызмет үшін қаражат алатынын алдын ала білуі қажет.

Бұдан бөлек, риелторлардың кәсіби  біліктілігіне қойылатын талаптарды күшейту жоспарланған. Министрлік қолданыстағы ұлттық стандарт негізінде қызмет көрсету сапасына, кәсіби әдепке, мәмілелерді сүйемелдеуге және клиенттермен жұмыс істеуге қатысты міндетті талаптар енгізу мүмкіндігін қарастырады.

Қазіргі уақытта риелторлардың кәсіби стандардарты да әзірленуде. Бұл құжат мамандардың кәсіби қызметіне қажетті білімін, дағдыларын және біліктілік деңгейін айқындайды.

Сондай-ақ риелторлық қызметті өзін-өзі реттеу жүйесін дамыту ұсынылуда. Бұл жүйе аясында кәсіби бірлестіктер өз мүшелеріне ортақ талаптар белгілеуге, олардың жұмысын бақылауға, азаматтардың шағымдарын қарауға және талаптарды бұзған мамандарға қатысты шаралар қабылдауға қатыса алады. Онымен қоса аккредиттелген ұйымдардың қатысуымен риелторлардың кәсіби біліктілігін растау тетігі пысықталуда.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, риелторларды реттелетін кәсіптер тізіміне енгізу мәселесі қаралады. Бұл өз кезегінде риелторлардың кәсіби даярлығына нақты талаптар қоюға және олардың біліктілігін растау тәртібін белгілеуге негіз болмақ.

Ал, нәтижесінде азаматтар қызметіне жүгінетін риелторлардың кәсіби біліктілігі туралы көбірек ақпарат ала алады.

Тұтынушылардың құқықтарын қорғау шараларын күшейту де көзделген. Министрлік депутаттармен бірлесіп, азаматтарға қажетсіз қызметтерді мәжбүрлі түрде ұсынуға, келісімшартқа  тұтынушы үшін тиімсіз талаптар енгізуге және негізсіз комиссия алуға жол бермеу үшін қосымша заңнамалық шараларды талқылауда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды