Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды
Фото: polisia.kz

Трейдинг арқылы пайда табуды көздеген Тараз тұрғыны ақшасынан айырылып қалды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Жылдам әрі жоғары табыс табуға қызыққан Тараз қаласының 28 жастағы тұрғыны трейдингке инвестиция салу арқылы мол пайда табуға болатыны туралы ұсынысқа сенген. Ол банктен несие рәсімдеп, ақшаны өзін инвестор ретінде таныстырған азаматқа аударған. Алдын ала мәлімет бойынша бұл ұсыныстың артында Алматы қаласының 24 жастағы тұрғыны болған. Алайда жәбірленуші күткен пайдасына қол жеткізе алмады. Керісінше, салған қаражатын қайтару кезінде қиындықтарға тап болған. Нәтижесінде келтірілген материалдық шығын көлемі 1,9 миллион теңгені құрады.

Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 2-бөлігінің 4-тармағымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Күдікті Ақтөбе қаласының полиция қызметкерлері алаяқтықтың 29 дерегі бойынша жүргізілген тергеу барысында ұстады. Қазіргі уақытта оның өзге де қылмыстық эпизодтарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Полиция азаматтарды оңай табысқа кенелуге уәде беретін ұсыныстарға сенбеуге, бейтаныс адамдарға ақша аудармауға және күмәнді инвестициялық ұсыныстар үшін несие рәсімдемеуге шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды