Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты

«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Фото: Астана қ. әкімдігі

Ресейдің танымал әншісі әрі музыкалық продюсері Валерий Меладзе елордада өткен концертінде Қазақстан астанасы туралы әсерін жеткізді. Өнер иесі елорданы әлемдегі ең әдемі әрі таза қалалардың бірі ретінде бағалады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Көрерменге арнаған сөзінде әнші өзін мұнда қазақстандықтардың жылы қабылдағаны үшін алғыс айтып, Астанада қайта өнер көрсетуге мүмкіндік туғанына қуанышты екенін айрықша атап өтті.

«Осындай зор ықыласпен, құшақ жая қарсы алғандарыңызға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Рақмет сіздерге, қымбаттыларым! Шын жүректен алғыс айтамын», – деді Валерий Меладзе.

Сондай-ақ өнер иесі елорданың сәулеттік келбеті мен ерекшелігіне тоқталды. Оның айтуынша, Астана әсемдігін, тазалығын және ерекше атмосферасын сақтай отыра қарқынды дамып келеді.

«Әдемі, таза, көрікті, жанға жайлы әрі заманауи қала. Менің ойымша, әлемдегі ең таза қала», – деп атап өтті әнші.

Валерий Меладзе бұған дейінгі Астанаға сапарларын да еске алып, содан бергі жылдар ішінде қаланың айтарлықтай өзгеріп, жаңарғанын айтты. Сөз соңында өнер иесі елорданың өркендеп, дами беруіне тілектестік білдіріп, соңғы жарты жылда алғаш рет осыншалықты ұзақ кіріспе сөз сөйлегенін әзілмен жеткізді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды