Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қызылорда облысында тағы екі ауыл табиғи газға қосылды

Қызылорда облысында тағы екі ауыл табиғи газға қосылды
Фото: ҚР Энергетика министрлігі

Еліміздің өңірлерінде газ инфрақұрылымын дамыту және халықтың табиғи газға қолжетімділігін арттыру жұмыстары жалғасуда. Осы бағыттағы кезекті кезең аясында Қызылорда облысының Қазалы ауданындағы Жанқожа батыр және Ү. Түктібаев ауылдары табиғи газға қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

Нәтижесінде Жанқожа батыр ауылындағы 283 тұрғын үй, 6 әлеуметтік және 7 кәсіпкерлік нысан, ал Ү. Түктібаев ауылындағы 325 тұрғын үй, 4 әлеуметтік және 3 кәсіпкерлік нысан газбен қамтамасыз етіледі.

Айта кетейік, өткен жылы Қызылорда облысында 11 елді мекен газдандырылып, газбен қамту деңгейі 83%-ға жетті. Биылғы жылдың соңына дейін «QazaqGaz Aimaq» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасы аясында тағы бірқатар елді мекенге табиғи газ жеткізу жоспарлануда. Нәтижесінде газдандыру деңгейі 85%-ға дейін артады.

Жалпы, Энергетика министрлігі газ инфрақұрылымын дамыту бойынша кешенді жұмыстарды жалғастыруда. Биыл 40 жоба іске асырылуда. Оның ішінде 7 жоба – өтпелі, 33 жоба – жаңа. Жобаларды іске асыру нәтижесінде биыл тағы 36 мыңға жуық адам табиғи газға қол жеткізеді деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды