Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада алдағы бірнеше күнде әлемнің 60-тан астам елінен 400-ге жуық спортшы бас қосады

Астанада алдағы бірнеше күнде әлемнің 60-тан астам елінен 400-ге жуық спортшы бас қосады
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астана қаласында 7-9 қараша аралығында ересектер арасында кураш күресінен XV әлем чемпионаты өтеді. Бұл беделді халықаралық дода Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Әлем чемпионатының салтанатты ашылу рәсімі 7 қараша күні сағат 17:00-де Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Байрақты бәсекеге әлемнің 67 елінен 400-ге жуық спортшы, сондай-ақ жаттықтырушылар, төрешілер, спорт саласының мамандары мен халықаралық спорт ұйымдарының өкілдері қатысады.

Қатысушы мемлекеттер саны бойынша бұл кураш күресінен әлем чемпионаттарының тарихындағы рекордтық көрсеткіш болмақ. Бұған дейінгі рекорд 2022 жылы Үндістанның Пуна қаласында өткен XIII әлем чемпионатында тіркелген. Аталған додаға 60 елдің өкілдері қатысқан. Әлем чемпионатының негізгі белдесулері 7-9 қараша аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтеді. Жарыстар күн сайын сағат 10:00-де басталады.

Спортшылар ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақ дәрежесі бойынша сынға түседі. Ерлер арасындағы салмақ дәрежелері: 60 кг, 66 кг, 73 кг, 81 кг, 90 кг, 100 кг, 120 кг және 120 кг-нан жоғары. Әйелдер арасындағы салмақ дәрежелері: 48 кг, 52 кг, 57 кг, 63 кг, 70 кг, 78 кг, 87 кг және 87 кг-нан жоғары. Бозкілемде әлемнің үздік кураш балуандары, оның ішінде әлем және Азия чемпиондары, Азия ойындарының жеңімпаздары өзара мықтыны анықтайды.

Кураш – Орталық Азия халықтарының тарихи-мәдени мұрасымен тығыз байланысты ұлттық спорт түрлерінің бірі. Бүгінде бұл спорт түрі халықаралық деңгейде кеңінен танылып, әлемнің көптеген елінде қарқынды дамып келеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды