Атырауда қорқор тұтынуға арналған орынның қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Атырау қоғамдық орындарда заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және қорқор тұтынуға қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында рейдтік жұмыстар жүргізілді. Іс-шара барысында заңсыз қорқор тұтыну дерегі анықталып, жауапты тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Айта кетейік, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қоғамдық тамақтану орындарында қорқорды тұтынуға және пайдалануға тыйым салынған. Полиция қызметкерлері тарапынан заң талаптарының сақталуына бағытталған рейдтік және профилактикалық жұмыстар жалғасып жатыр.Бүгін, 10:27
Атырауда қорқор тұтынуға арналған орынның қызметі тоқтатылды
Фото: polisia.kz
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз