Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

СҚО-да шекаралық және курорттық аймақтардағы қауіпсіздік күшейтіледі

СҚО-да шекаралық және курорттық аймақтардағы қауіпсіздік күшейтіледі
Фото: polisia.kz

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров алғашқы жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев және Айыртау аудандарында болды. Сапар барысында шекара маңындағы және туристік аймақтардағы қоғамдық қауіпсіздікті күшейту, сондай-ақ профилактикалық жұмыстың тиімділігін арттыру мәселелері қаралды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров алғашқы жұмыс сапарларын Мағжан Жұмабаев және Айыртау аудандарынан бастады. Мемлекеттік шекараның 328 шақырымдық бөлігі өтетін әрі көлік ағыны жоғары Мағжан Жұмабаев ауданында облыс аудандары арасындағы екінші Жедел басқару орталығының жұмысы басталды. Бұған дейін осындай орталық пилоттық жоба ретінде өткен жылы Қызылжар ауданында ашылған болатын. Заманауи цифрлық технологиялармен жабдықталған жаңа орталық бейнебақылау жүргізуге, ақпараттық дерекқорлармен жұмыс істеуге және полиция жасақтарының қызметін жедел үйлестіруге мүмкіндік береді.

Орталықтың ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов пен облыстық полиция департаментінің бастығы Руслан Назаров қатысты. Жыл соңына дейін мұндай орталықтарды өңірдің өзге аудандарында да іске қосу жоспарланып отыр. Айыртау ауданындағы жұмыс сапары барысында Имантау–Шалқар курорттық аймағындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Аталған аумақта 50-ден астам демалыс орны орналасқан.

Туристік маусым кезінде мұнда туристік полиция қызметкерлері қызмет атқарып, сегіз бағыт бойынша патрульдеу ұйымдастырылған. Жұмыс сапары аясында Руслан Назаров полиция бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырумен, материалдық-техникалық жарақтандырылуымен және жедел ахуалмен танысып, жеке құраммен кездесті. Ішкі істер министрлігі басшылығының тапсырмаларын орындау аясында полиция департаментінің бастығы қызметтік тәртіпті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарын күшейту, заманауи цифрлық шешімдерді кеңінен енгізу және «Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру арқылы азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша нақты міндеттер жүктеді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді