Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ІІМ: Қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталды

ІІМ: Қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталды
Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрлігі "Заң мен Тәртіп" қағидаты аясында қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытында жұмыстарды жалғастыруда. Құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қорғау - полиция қызметінің басым бағыттарының бірі, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қауіпсіз үй 5 қазан мен 5 қараша аралығында республика бойынша "Қауіпсіз үй" жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында полицейлер 576 мыңнан астам тұрғын үй мен өзге де нысандарды тексерді. Әсіресе жалға берілетін пәтерлерге, саяжай үйлеріне, тұрмысы қолайсыз отбасыларға және профилактикалық есепте тұрған азаматтарға ерекше назар аударылды. Көші-қон заңнамасын бұзудың 42 мыңға жуық дерегінің жолы кесілді. 9 мыңға жуық шетелдік жауапкершілікке тартылды. Сондай-ақ полицияға тұрақты тұрғылықты жері жоқ 3,5 мыңнан астам адам жеткізілді. Полицейлер халықпен белсенді жұмыс жүргізді. Тұрғындармен 12 мыңнан астам кездесу өткізіліп, профилактикалық мазмұндағы 398 мыңға жуық жадынама таратылды.

Азаматтардан 4,5 мыңнан астам ұсыныс пен өтініш келіп түсті. Олардың барлығы бойынша тиісті шаралар қабылданды. Сонымен қатар 100 мыңнан астам қару иесі тексерілді. 1,5 мыңнан астам құқық бұзушылықтың жолы кесіліп, тіркелмеген 195 қару тәркіленді. Жетісу облысында алкогольге әуестігі бар азаматқа полицейлер емделуге және өмір салтын өзгертуге көмектесті. Қазір ол жұмыс істеп жүр. Ал анасы учаскелік полиция инспекторына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдірді. Абай облысында ата-аналық міндеттерін тиісінше орындамаған отбасылар анықталды. Балалары бейімдеу орталығына орналастырылып, ата-аналарына қатысты тиісті шаралар қабылданды. Жанармайды заңсыз әкетуге қарсы күрес ІІМ жұмысының тағы бір маңызды бағыты – жанармайды ел аумағынан заңсыз әкету деректерінің жолын кесу. Мемлекеттік шекарадағы автокөлік өткізудің 48 пунктінің маңында тәулік бойы жұмыс істейтін полиция бекеттері қойылған. Жыл басынан бері республика бойынша қосымша жанармай бактарын заңсыз орнатудың 595 дерегі анықталды. Олардың жалпы көлемі 159,5 тоннаны құрады. Құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Жамбыл (386), Түркістан (119) және Қостанай (80) облыстарында тіркелді. Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оларға айыппұл салынды. Көліктерден заңсыз орнатылған бактар алынып тасталды.

Таза Қазақстан Вандализм мен заңсыз граффитилерге қарсы күрес те - ведомство жұмысының өзекті бағыттарының бірі. 1 қыркүйектен бастап 26 мыңнан астам заңсыз жазу өшірілді. 8 мыңнан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Вандализм және есірткі жарнамалайтын граффитилер үшін 7 сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Профилактикалық жұмыстар да жүргізілуде. Азаматтармен 43 мыңнан астам кездесу ұйымдастырылып, 59 мыңнан астам ақпараттық брошюра таратылды. Ішкі істер министрлігі қоршаған ортаның ластануының алдын алуға бағытталған кешенді іс-шараларды жүзеге асыруда. Жыл басынан бері 47 мыңнан астам рейд жүргізіліп, 1724 стихиялық қоқыс орны анықталып, 351 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтың жолы кесілді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 1435 заңсыз қоқыс орны жойылды. 

- Полиция қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарын жалғастырады. Заң мен Тәртіпті сақтаңыздар! - деді ІІМ-де.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды