Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда туризм саласында 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр

Қазақстанда туризм саласында 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр
Фото: pixabay.com

Қазақстанда туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында жұмыс жалғасуда. Қазіргі уақытта 83 инфрақұрылымдық жоба іске асырылып жатыр, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Олардың барлығында жобалық-сметалық құжаттама бар.
Сонымен қатар, табиғатты қорғау аумақтарын қамтитын жобалар, атап айтқанда – Имантау-Шалқар курортты аймағында автожолдар салу және реконструкциялау, сондай-ақ Жасыбай көліне дейінгі ұзындығы 15 км кірме жолды орташа жөндеу. Жағажай демалысының танымалдығының артуын ескере отырып, маңызды жобалардың бірі- Абай облысындағы Алакөл көлінің жағалауын нығайту жұмыстары және Балқаш қаласындағы Бертіс шығанағының жағалауын абаттандыру. Тиісті қаржыландыру болған жағдайда, бұл жобаларды іске асыру жақын арада жоспарланып отыр.

«Жүргізіліп жатқан жұмыстар елдің инвестициялық тартымдылығын арттыруға және туристік инфрақұрылымды жақсартуға арналған. Елді мекендерден тыс жерлерде және ұлттық парктер аумағында инфрақұрылымды дамытудың түйінді мәселелерін шешу мақсатында әкімдіктерге тиісті құзырет беру бойынша жұмыстар жүргізілуде»,-деді Мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев.

Өткен жылы 28 жоба аяқталды. Олардың ішінде Балқаш курортты аймағында инженерлік коммуникация салу және Ақтау қаласының жылы жағажайына дейін автомобиль жолын салу аса маңызды. Үшарал мен Үржардағы әуежайлардың іске қосылуы айтулы оқиға болды, ол еліміздің  әуе тасымалы мүмкіндіктерін кеңейтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Раим мен Ерке Есмахан жуырда сәбилі болатынын хабарлады
Алматыдағы фитнес-клубта блогер Әсел Асқар соққыға жығылды
Ұлытау облысында бақшасына есірткі өсірген тұрғын анықталды
Марат Қарабаев Ұлытау облысының даму жоспарымен танысты
Димаш өзінің Stranger әлемдік турына кәсіби бишілерді іздеп жатыр
Мультимедиа
Қазақстан Президенті Berlin Global Dialogue форумында сөз сөйледі
Әлихан Смайылов Қазақстанда жаңа технологиялық құрылымның қалыптасуы туралы айтып берді
Мемлекет басшысы БҰҰ-ның Орнықты даму мақсаттары жөніндегі саммитіне қатысты
Қазақстанда ҰҚШҰ-ға қатысушы мемлекеттердің халықаралық есірткіге қарсы операциясы аяқталды
Қазақстанда күзгі шақыру науқаны басталды