Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды

Алматыда медициналық суреттердің 25 жылға дейін сақталатын бірыңғай цифрлық архиві құрылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматыда орталықтандырылған телерадиологиялық жүйе іске қосылды. Ол дәрігерлерге түрлі медициналық ұйымда түсірілген пациенттердің диагностикалық суретін көруге мүмкіндік береді. Енді басқа емханаға барған кезде тұрғындарға рентген суреттері мен дискілерін өзімен бірге алып жүрудің қажеті жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының өкілдері айтты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазіргі уақытта жүйеге 69 медициналық ұйым мен 216 диагностикалық аппарат қосылған. Цифрлық архивте 800 мыңнан астам зерттеу нәтижесі жинақталып, 1 миллионнан астам науқас тіркелген.

Жаңа жүйенің басты артықшылығы – медициналық суреттерді 25 жылға дейін сақтау мүмкіндігі. Дәрігерлер әр жылдары жүргізілген тексеру нәтижесін салыстырып, науқастың денсаулығындағы өзгерісті бақылай алады. Сондай-ақ бұрын түсірілген суретті пайдалану арқылы қажетсіз қайталама тексерулердің алдын алуға мүмкіндік бар.

Бұл әсіресе онкологиялық, жүрек-қан тамырлары және созылмалы аурулары бар, үнемі тексеріліп тұруды қажет ететін науқастар үшін маңызды.

Жүйені енгізудің алғашқы нәтижелері Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимовтың қатысуымен өткен жұмыс кеңесінде қаралды.

«Жүйе сәулелік диагностиканың негізгі бағыттарын біріктіреді. Олардың қатарында рентгенография, флюорография, маммография, компьютерлік және магниттік-резонанстық томография, сондай-ақ ангиография бар», – деді ол.

Үш ай ішінде жүйеде 603 467 зерттеу тіркелген. Цифрлық архивпен жұмыс істеу үшін рентгенолог дәрігерлерге арналған 113 жұмыс орны және сонша диагностикалық монитор орнатылған.

Бұдан бөлек, ахуалдық орталық тексерулер санын, медициналық ұйымдардың жүктемесін, дайындалған қорытындылар санын және жүйеге қосылған мекемелердің жұмысын бақылауға мүмкіндік береді.

Жиын соңында Марат Пашимов 2026 жылдың соңына дейін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) аясында қызмет көрсететін жекеменшік клиникаларды бірыңғай жүйеге қосуды тапсырды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды