Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 20-дан астам жүргізуші тіркелді

Түркістан облысында дрон арқылы жол ережесін бұзған 20-дан астам жүргізуші тіркелді
Фото: polisia.kz

Түркістан облысының Төлеби ауданында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерінің сақталуын дронның көмегімен әуеден бақылап, бір тәулік ішінде 20-дан астам құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізушілердің бірі қауіпсіздік белдігін тақпаса, енді бірі жаяу жүргіншілерге жол бермеген. Сондай-ақ қарсы қозғалыс жолағына шыққан жүргізушілер де тіркелді. Мұндай әрекеттер жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен қауіпсіздігіне қатер төндіреді. 

Барлық құқық бұзушылық бойынша тиісті шаралар қабылданды. 

Дрондарды пайдалану жол қозғалысын бақылау мүмкіндігін кеңейтіп, жерден байқау қиын құқық бұзушылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Бұл жолдағы тәртіпті нығайтуға және қауіпті жағдайлардың алдын алуға бағытталған. 

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Рөлде отырған әрбір адамның жауапкершілігі жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды