Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады

Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Астанада Республика күніне орай мәдениет және ақпарат саласының қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева отандық мәдениет, өнер және медиа саласының дамуына елеулі үлес қосқан 62 қайраткерге мемлекеттік награда табыстады. Марапаттау рәсімі Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінде өтті.

Іс-шара барысында министр ел үшін айтулы мерекелердің бірі – Республика күнімен құттықтады. Биыл Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданғанына 35 жыл толды. Министр бұл тарихи құжат Тәуелсіз Қазақстанның іргетасын қалаған, ел еркіндігінің бастауы болған асыл арманның айғағы екенін атап өтті.

«Бүгін Мемлекет басшысы Республика күні қарсаңында бір топ азаматты мемлекеттік наградалармен марапаттау туралы жарлыққа қол қойды.
Олардың қатарында халықпен ете жұмыс істеп жүрген қарапайым еңбек адамдары да бар.
Бұл марапат сіздердің көпжылдық еселі еңбектеріңіздің лайықты бағалануы деп білемін. Өйткені біріңіз ақпарат айдынында аянбай еңбек етіп, халық пен билік арасында алтын көпір болып жүрсеңіздер, ал енді біреулеріңіз өнер саласы арқылы еліміздің рухын көтеріп, мәдени мұраларымызды жаңғыртуда зор еңбек етіп келесіздер», — деді Аида Балаева.

Марапат иелерінің қатарында «Астана Опера» мемлекеттік опера және балет театры, К.Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университетінің, Е.Рахмадиев атындағы мемлекеттік академиялық филармониясы, Р.Бағланова атындағы «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының және басқа да мәдениет мекемелерінің қызметкерлері бар.

Сонымен қатар «Хабар» агенттігі, «Qazaqstan» телеарнасы, республикалық «Казахстанская правда» және «Егемен Қазақстан» газеттерінің, Ұлттық академиялық кітапхана және басқа да ұйымдардың қызметкерлері елеусіз қалмады.

Салтанатты рәсімнің соңында еліміздің жетекші шығармашылық ұжымдары өнерпаздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті