Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 800-ден астам мас жүргізушінің жолы кесілді

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 800-ден астам мас жүргізушінің жолы кесілді
Фото: polisia.kz

Маңғыстау облысында жыл басынан бері 883 мас жүргізушінің жолы кесілді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Маңғыстау облысында жыл басынан бастап 10 ай ішінде көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған 883 жүргізуші анықталды. Аталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Заңға сәйкес, олар 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылып, 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу жазасы қолданылды. Сонымен қатар осы кезеңде алкогольдік масаң күйде көлік құралын басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, қайтадан мас күйде рөлге отырған 50 адам анықталды.

Аталған деректер бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 346-бабымен қылмыстық істер қозғалды. Рөлге отырған әрбір жүргізуші өз өміріне ғана емес, өзгелердің де өміріне жауапты. Мас күйде көлік басқару – орны толмас қайғыға бастайтын қауіпті қадам. Осыған байланысты полиция қызметкерлері жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға, көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқармауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды