Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Солтүстік Қазақстан: Ботай мәдениеті халықаралық туризм мен бірегейлікті нығайту орталығына айналды

Солтүстік Қазақстан: Ботай мәдениеті халықаралық туризм мен бірегейлікті нығайту орталығына айналды
Фото: primeminister.kz

Мемлекет басшысының туризмді экономиканың маңызды бағыты ретінде дамыту және ұлттық бірегейлікті нығайту жөніндегі тапсырмасын жүзеге асыру аясында Солтүстік Қазақстан облысында тарихи-мәдени мұраны сақтау мен халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11–17 тамыз аралығында өңір туризм, мәдениет, білім және жастар саясаты салаларындағы халықаралық іс-шаралардың орталығына айналды.

Сапар барысында ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, Туризм және спорт министрлігінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілдері, сондай-ақ Халықаралық Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының басшылығы экспозициялармен танысып, үш елдің ғалымдарымен, жас археологтармен, 12 елдің суретшілерімен және шетелдік делегациялармен кездесті. Кездесулерде туризмді дамыту, мәдени мұраны сақтау және халықаралық серіктестікті кеңейту мәселелері талқыланды.

«Тарихи ескерткіштер – біздің өркениетіміздің бастауы әрі Қазақстанның және бүкіл түркі дүниесінің баға жетпес мұрасы. Ботай – Солтүстік Қазақстандағы ерекше орын, ол адамзаттың ерте тарихын түсінуге және жылқыны қолға үйрету тарихын ашуға мүмкіндік береді. Мұндай нысандарды зерттеу ата-баба мұрасын сақтау мен болашақ ұрпақты шабыттандыруға ықпал етеді. Сондықтан ғылыми зерттеулерді, мәдени іс-шараларды және туризмді дамытуға жағдай жасау маңызды», — деді вице-премьер.

Апта бойы Айыртау ауданы мен Петропавл қаласы Түркия, Әзербайжан, Түрікменстан, Қырғызстан, Венгрия, Моңғолия, Татарстан, Башқұртстан, Якутия, Кабардино-Балкария және Ресейден келген делегацияларды қабылдады. Олардың қатарында ғалымдар, суретшілер, археологтар, этнологтар, мәдениет қайраткерлері мен жастар көшбасшылары бар.

Аптаның басты оқиғасы дәстүрге айналған «Ботай – Ұлы дала мәдениеті» III Халықаралық суретшілер симпозиумы болды. Ол 40 жыл бұрын археолог Виктор Зайберт ашқан, әлемдік маңызы бар жаңалықпен тікелей байланысты: қазіргі Қазақстан аумағында жылқыны қолға үйретудің алғашқы дәлелдері. Бұл жаңалық Солтүстік Қазақстанды әлемдік өркениет картасына енгізіп, оны елдің мәдени-тарихи брендіне айналдырды.

Бағдарламада этнографтар, тарихшылар, қолөнершілер, суретшілер мен жастарды біріктірген «Ботай – түркі әлемінің негіздері» халықаралық семинар-тимбилдингі өтті. Қатысушылар дәрістерді тыңдап қана қоймай, жауынгерлік рәсімдер, шеберлік сабақтары және археологиялық бағыттар арқылы ежелгі дала өмірін сезінді.

11–17 тамыз аралығында Имантау – Шалқар курорттық аймағында және Петропавлда суретшілердің халықаралық пленэрі ұйымдастырылды. Қорытындысы ретінде «Ботай» арт-галереясында көрме өтіп, түрлі ел суретшілері аймақтың бай мәдени-тарихи бейнесін өз туындыларында көрсетті.

Аптаның зияткерлік қорытындысы – Петропавлда өткен «Ботай – түркі әлемінің негіздері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы болды. Онда жетекші ғалымдар түркі өркениетін қалыптастырудағы Ботай мәдениетінің рөлі талқыланды.

Бұл іс-шаралар Солтүстік Қазақстанды тарих, мәдениет және туризм тоғысқан, халықаралық қауымдастықтың назарын аударатын орталық ретінде айқындай түсті.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті