Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды

Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Фото: Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Алматының Түрксіб ауданына қарасты «Жұлдыз-1» шағынауданындағы №18 және №18А үйлердің ауласында күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мұнда тұрғындардың демалуына және бос уақытын белсенді өткізуіне қолайлы жағдай жасалды. Аулалардағы асфальт жабыны толық жаңартылып, жаңа шағын сәулет нысандары, жаттығу құрылғылары, орындықтар мен қоқыс жәшіктері орнатылды. Спортпен шұғылдану және белсенді демалыс үшін тартан жабындысы төселген алаң жабдықталып, сыртқы жарықтандыру жүйесі жаңартылды.

Жаңбыр жауғаннан және қар ерігеннен кейін судың жиналуын болдырмау мақсатында су бұру жүйесі орнатылды. Биыл Түрксіб ауданындағы аулаларды күрделі жөндеу жұмыстары «Жұлдыз» шағынауданында жүргізілуде. Жөндеу он көппәтерлі тұрғын үйдің жанындағы төрт аула аумағын қамтиды.Сонымен қатар ауданда 16 ауланы ағымдағы жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын.

Тұрғындарға көркейту бойынша жобаларын ұсынуға мүмкіндік беретін «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасын іске асыру да жалғасып жатыр. 2026 жылы аталған бағдарлама аясында 24 жоба қолға алынды. Оның ішінде 11 сквер мен жүргіншілер аймағы, сегіз балалар және спорт алаңы, төрт автоматты суару жүйесі және бір автотұрақ бар.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды
Almaty Marathon-да қайта өңдеуге жіберілетін қалдықтар жиналды
Қала күні мен Дүниежүзілік тазалық күніне орай 50 мыңнан астам алматылық жалпықалалық сенбілікке қатысты
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады