Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен АҚШ көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады

Қазақстан мен АҚШ көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты талқылады
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Вашингтон қаласында B20 саммиті аясында Қазақстан–АҚШ бизнес-форумы өтті. Форумға Қазақстан тарапынан Қазақстан Республикасы Президентінің АҚШ-пен өзара іс-қимыл жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан, Премьер-министрдің орынбасары – Көлік министрі Әсел Жанасова, Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы Қанат Шарлапаев, сондай-ақ басқада мемлекеттік органдардың, «Самұрық-Қазына» қорының, ұлттық және жеке компаниялардың өкілдері қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

АҚШ тарапынан Мемлекеттік хатшының бірінші орынбасары Кристофер Ландау, АҚШ Сауда палатасының президенті Сюзанн Кларк, Қазақстан-Америка іскерлік кеңесіне мүше компаниялардың басшылары және көлік-логистика, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар мен қаржы салаларында жұмыс істейтін 100-ден астам америкалық компанияның өкілдері қатысты.

Форум барысында инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен жобаларды жүзеге асыру және көлік-логистика, энергетика, цифрлық технологиялар сияқты стратегиялық салаларды дамыту мәселелері талқыланды.

Саммит аясында Әсел Жанасова АҚШ Әкімшілігі мен Конгресінің өкілдерімен, сондай-ақ жетекші қаржы институттарымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді.

Кездесулерде Қазақстанның Еуразиядағы жетекші логистикалық орталықтардың біріне айналу мақсатына ерекше назар аударылды. Мемлекет басшысы бұл бағытта нақты міндеттер қойған. Осыған байланысты халықаралық көлік дәліздерін дамыту, логистикалық инфрақұрылымды жаңғырту, сондай-ақ америкалық инвестициялар мен озық технологияларды тарту маңызды бағыттардың бірі болып отыр.

Қазақстан америкалық серіктестермен өзара тиімді ынтымақтастықты нығайтуға және көлік-логистика саласындағы бірлескен жобаларды іске асыруға мүдделі.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды