Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде

Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жүргізілуде
Фото: ҚР Көлік министрлігі

Ұзындығы 303 шақырымды құрайтын Бақты – Аягөз теміржол желісінің құрылысы бекітілген кестеге сәйкес жалғасуда. Теміржол желісіндегі жұмыстарды аяқтап, нысанды пайдалануға беру 2027 жылға жоспарланған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Көлік министрлігіне сілтеме жасап.

Бүгінде жоба аясында көзделген 39,5 млн текше метр жер төсемінің 36,8 млн текше метрі төселді. Бұл жалпы көлемнің 93%-ын құрайды. Қалған жұмыстардың негізгі бөлігі шекара маңы аймағында және Бақты станциясы ауданында шоғырланған.

Қазіргі уақытта жолдың жоғарғы қабатын тегістеу және жолдың жоғарғы құрылысын төсеу алдында топырақтың тығыздалу сапасын тексеру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар жасанды құрылыстар салу жұмыстары жалғасуда. Атап айтқанда, 267 су өткізу құбырының 245-і салынды, 19 мал өткелінің 12-сі дайын. Ал 47 көпірдің 43-інде құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Дайындау және жеткізу мерзімдерін қысқарту мақсатында көпір арқалықтары тікелей құрылыс алаңында өндіріледі. Бұл ретте оларды сертификаттау және құрылыс нормалары мен қағидаларының (ҚНжЕ) талаптарына сәйкес сапасын бақылау жүзеге асырылады.

Жолдың жоғарғы құрылысын салуға қажетті материалдар отандық өндірушілерден сатып алынуда. Рельстерді Ақтөбе рельс-арқалық зауыты жеткізеді. Шпалдар мен бекіткіштерді «RWS Binding», «Innotrack», «Fasteners 2metall (БЕНТ)» ЖШС-лері және «Магнетик» ЖШС қамтамасыз етеді. Бағыттамалық бұрмаларды «Проммашкомплект» ЖШС жеткізеді. Аягөз станциясы ауданында құрылыс материалдарын қабылдау және бөлу жұмыстары ұйымдастырылған.

Жобаны іске асыру Қазақстанның көлік-логистикалық әлеуетін дамыту және Қытаймен теміржол қатынасын кеңейту үшін стратегиялық маңызға ие.

Құрылыстың негізгі нәтижелерінің бірі Қазақстан мен Қытай арасындағы үшінші теміржол шекара өткелінің ашылуы болмақ. Жаңа бағыт қолданыстағы Достық және Алтынкөл өткізу пункттеріне түсетін жүктемені азайтуға, жүк ағындарын бөлудің тиімділігін арттыруға және тасымал көлемін ұлғайтуға қосымша мүмкіндік жасауға жол ашады.

Жаңа бағыттың өткізу қабілеті жылына 20 млн тоннаға дейін жүкті құрайды деп күтілуде. Теміржол желісінің іске қосылуы еліміздің экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтуге, отандық өнімдерді Қытай нарығына жеткізу көлемін арттыруға, қосымша транзиттік жүк ағындарын тартуға, сондай-ақ Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайтуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды