Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды: күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті

Абай облысында үш жыл бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысы ашылды: күдікті мәйіт жасырылған жерді көрсетті
Фото: kazlenta.kz / создано с помощью ИИ

Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Абай облысында үш жылдан астам уақыт бұрын жасалған кісі өлтіру қылмысын ашты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

2023 жылғы қыркүйекте полицияға жоғалған күйеуін іздестіруді сұрап әйел адам жүгінген. Оның айтуынша, жұбайы жұмыс істеу үшін басқа жаққа кетіп, байланысқа шықпаған. Жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілгенімен сол уақытта ер адамның жүрген жерін анықтау мүмкін болмады. Соған қарамастан, хабар-ошарсыз кеткен азаматты анықтау жұмыстары тоқтаған жоқ. Полицейлер оқиғаның түрлі нұсқасын мұқият тексеріп, оның жоғалуына қатысы болуы мүмкін адамдарды анықтау бағытында жүйелі жұмыс жүргізді.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшыларының назарына осы кісі өлтіру қылмысын жасағаннан кейін басқа қылмыс бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылып, кейін бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан азамат ілікті. Оның ер адамның жоғалуына қатыстылығын тексеру үшін қосымша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Нәтижесінде күдікті кінәсін мойындап, қылмыстың мән-жайын егжей-тегжейлі баяндады және мәйіт жасырылған жерді көрсетті. Қазіргі уақытта айыптау актісімен бірге қылмыстық іс сотқа жолданды. Ішкі істер министрлігі бұл бағыттағы жұмысты одан әрі жалғастырады. Әрбір қылмысқа құқықтық баға беріліп, кінәлілер заң алдында жауап беруі тиіс. Жазаның бұлтартпастығы қағидаты ішкі істер органдары қызметінің басты басымдықтарының бірі болып қала береді.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды