Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды

Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасындағы республикалық шахмат турнирінің жеңімпаздары анықталды
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігі

Астанада «Келешек мектептері» желісіндегі білім беру ұйымдарының оқушылары арасында республикалық командалық шахмат турнирі өтті. Екі күнге созылған зияткерлік сайысқа еліміздің барлық өңірінен іріктелген 24 команда қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап.

Турнир Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы мен Қазақстан шахмат федерациясының бірлескен ұйымдастыруымен өткізілді. Жарыс қорытындысы бойынша екі санатта жеңімпаздар анықталды. Бірінші орындарды Астана қаласындағы №117 мектеп пен Абай облысы Семей қаласындағы №51 мектеп командалары иеленді. Екінші орынға Астана қаласындағы №111 мектеп пен Қарағанды қаласындағы №12 мектеп командалары ие болды. Үшінші орынды Алматы қаласындағы №215 мектеп пен Ақтөбе облысындағы Сазды орта мектебінің командалары жеңіп алды. Сонымен қатар жеке есепте төрт тақта бойынша үздік нәтиже көрсеткен оқушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Бірінші орындарды Хабыл Айбарыс, Бақытжан Санжар, Мұрат Арыстан Рашидұлы және Абилашим Айша Асқарқызы иеленді. Турнир FIDE ережелеріне сәйкес швейцариялық жүйе бойынша 7 турдан тұрды. Оқушылар стратегиялық ойлау, жылдам шешім қабылдау және командада жұмыс істеу қабілеттерін көрсетті. Мұндай зияткерлік жарыстар «Келешек мектептері» жобасы аясында оқушылардың логикалық ойлауын дамытуға, интеллектуалдық әлеуетін арттыруға және мектептер арасында тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды