Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан бочча бойынша әлем кубогында тарихи алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан бочча бойынша әлем кубогында тарихи алтын медаль жеңіп алды
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы Бразилияның Сан-Паулу қаласында өтіп жатқан бочча бойынша әлем кубогында сәтті өнер көрсетуде. Жарысқа 24 елдің үздік спортшылары қатысуда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.

Қазақстан атынан үш паралимпиадашы бақ сынауда: Қуаныш Аскарбеков (BC1 класы, Талдықорған қаласы, Жетісу облысы), Итиана Шингисханова (BC2 класы, Астана қаласы) және Азамат Аманша (BC2 класы, Ақтау қаласы, Маңғыстау облысы).

Жеке жарыстардың қорытындысы бойынша Қуаныш Аскарбеков алтын, ал Итиана Шингисханова күміс медаль иеленді. Бұл марапаттар отандық параспорт үшін маңызды жетістік болып, Қазақстанның халықаралық аренадағы позициясын нығайтты.

Қазір команда командалық жарыстарға қатысып жатыр. Қазақстандық спортшылар тағы сегіз елдің өкілдерімен жоғары нәтиже үшін бәсекеге түсуде. Құраманың елге оралуы 13 қарашаға жоспарланған.

Қазақстанда паралимпиадалық, сурдлимпиадалық және паралимпиадалық емес бағыттарды қоса алғанда, спорттың 35 түрі дамып келеді. Мүмкіндігі шектеулі спортшылардың спортпен шұғылдануына жағдай жасау мақсатында 2025 жылы I топтағы мүгедектігі бар спортшыларды сүйемелдеушілердің мәртебесі заңнамалық деңгейде бекітіліп, олардың халықаралық жарыстарға қатысуын қаржыландыру көзделді. Ал 2026 жылы спорт секциясын таңдауға және жаттықтырушымен байланысуға көмектесетін @parasport_kz_bot Telegram-боты іске қосылды. 

Әлем кубогындағы ұлттық құраманың табысты өнер көрсетуі қазақстандық бочча мектебінің әлеуеті артып келе жатқанын көрсетеді. Спортшылардың жетістіктері жаңа жеңістерге жігер беріп, елімізде параспорттың одан әрі дамуына ықпал етеді.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды