Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталды

Жетісу облысында бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті бұзу деректері анықталды
Фото: polisia.kz

Жетісу облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға тұрақты түрде мониторинг жүргізеді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Әсіресе аялдамаларда, көшелерде, саябақтарда және адамдар көп жиналатын басқа да қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде жүрген азаматтарды анықтауға ерекше назар аударылуда. Бейнебақылау барысында полиция қызметкерлері алкогольдік масаң күйде аялдамаларда, тротуарларда және өзге де қоғамдық орындарда жатып қалған азаматтарды анықтайды. Мұндай жағдайлар айналадағы адамдарға қолайсыздық туғызып қана қоймай, азаматтардың өз өмірі мен денсаулығына да қауіп төндіреді. Осындай деректер анықталған жағдайда ақпарат дереу жақын маңдағы патрульдік полиция жасақтарына жолданып, тиісті шаралар қабылданады.

Жыл басынан бері жедел басқару орталығының бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарда алкогольдік масаң күйде болуға байланысты 1016 құқық бұзушылық дерегі анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік шаралар қабылданды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды