Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сингапур Республикасының Қазақстандағы Құрметті консулы Талғат Чиникеевті қабылдады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Кездесу барысында тараптар Құрметті консулдықтың қызметін талқылап, Қазақстан мен Сингапур арасындағы екіжақты ынтымақтастықты одан әрі нығайту бойынша пікір алмасты.
Сингапурлық Changi Airports International компаниясының Қазақстанның әуежай инфрақұрылымын салу және дамыту жобаларына стратегиялық қатысуын қоса алғанда, бірлескен жобаларға ерекше назар аударылды.
Тараптар сауда-экономикалық және инвестициялық әріптестікті тереңдетуге өзара мүдделіліктерін растады.