Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталды: 2,5 тонна шаян тәркіленді

Қарағанды облысында браконьерлікпен айналысқан топ ұсталды: 2,5 тонна шаян тәркіленді
Фото: polisia.kz

Қарағанды облысында заңсыз шаян аулап, оны сатумен айналысқан ұйымдасқан топтың жолы кесілді. Приозерск қаласында жүргізілген жедел іс-шаралар нәтижесінде сегіз күдікті ұсталып, заңсыз ауланған 2,5 тоннадан астам шаян тәркіленді. Мемлекетке келтірілген алдын ала шығын көлемі – 20 миллион теңгеге жуық, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Заңсыз әрекетті Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасымен бірлесіп, "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында анықтады. Приозерск қаласында 23 пен 50 жас аралығындағы сегіз адам ұсталды. Олар шаяндарды заңсыз аулап, аса ірі мөлшерде сатумен айналысты деген күдікке ілінді. Жедел-іздестіру және тергеу іс-шаралары барысында полицейлер 2 557 келі шаянды тәркіледі. Сонымен қатар заттай дәлелдеме ретінде 115 паллет, заңсыз ауланған өнімді тасымалдауға пайдаланылған деген болжам бар жүк көлігі мен ГАЗель алынды.

Алдын ала есеп бойынша, күдіктілердің әрекетінен мемлекетке 20 миллион теңгеге жуық көлемінде залал келтірілген. Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған сегіз адамның екеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау, сондай-ақ заңсыз әрекетке қатысы болуы мүмкін өзге де тұлғаларды анықтау мақсатында тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция табиғи ресурстарды заңсыз пайдалануға және браконьерлікке қарсы күресті жалғастырып жатыр.



скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды