Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстандық тұтынушыларға 9 айда 2,17 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды

Қазақстандық тұтынушыларға 9 айда 2,17 млрд теңгеден астам қаражат қайтарылды
Фото: kazlenta.kz / создано с помощью ИИ

Биылғы жылдың 9 айында Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті азаматтардың 2,17 млрд теңгеден астам қаражатын қайтаруға көмектесті. Осы уақыт ішінде Комитет пен оның аумақтық департаменттеріне 72 мыңнан астам өтініш түскен, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР Сауда және интеграция министрлігіне сілтеме жасап. 

Оның басым бөлігі  31 186 өтініш (42,9%) бөлшек саудаға, 12 264 (16,9%) электрондық саудаға, ал 7 065 (9,7%)  тұрмыстық қызмет көрсету саласына  қатысты.

Комитеттің көмегімен 23 мыңнан астам өтініш аясында тұтынушылардың талаптары қанағаттандырылды. Тағы 26 мың өтініш бойынша азаматтарға құқықтық көмек көрсетілді. Ең көп қаражат Алматы, Астана және Шымкент қалаларында қайтарылған.

Сонымен қатар, қоғам назарына іліккен 107 іс қаралып, 365 тұтынушының шамамен 1,03 млрд теңге көлеміндегі мүліктік құқықтары қорғалды.

Министрлік азаматтардың өтініштерін қараумен қатар, тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы заң талаптарының сақталуына бақылауды күшейтуде - жыл басынан бері 1 347 жоспардан тыс тексеру жүргізілді.  Бұл өткен жылмен салыстырғанда 42,2%-ға көп. Тексерулер нәтижесінде 1 836 әкімшілік іс қозғалып, жалпы сомасы 54,3 млн теңге айыппұл салынды.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды