Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Павлодар облысында 6,6 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді

Павлодар облысында 6,6 мыңнан астам құқық бұзушылық тіркелді
Фото: polisia.kz

"Таза Қазақстан" акциясы аясында Павлодар облысының аумағында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау және экология органдарымен, қоғамдық ұйымдармен, экоактивистермен бірлесіп рейдтік іс-шаралар жүргізуде, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Негізгі мақсат – рұқсат етілмеген қоқыс орындарын анықтау, қоғамдық орындар мен демалыс аймақтарында тазалықты сақтау және экологиялық талаптарды бұзғандарды жауапкершілікке тарту. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде қалалар мен елді мекендердің аумағын абаттандыру қағидаларын бұзу және қоғамдық орындарды ластау бойынша 6656 дерек анықталды. Құқық бұзушылардың барлығы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жалпы сомасы 6,5 миллион теңгеден астам айыппұл салынды. Бұдан бөлек, қалдықтарды басқару саласындағы экологиялық талаптарды бұзу фактілері бойынша тиісті материалдар Павлодар облысы бойынша Экология департаментіне жолданды. Акция аясында полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтарға "нөлдік төзімділік" қағидатын ұстана отырып, өңірдегі экологиялық ахуалды жақсарту және қоршаған ортаны қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыруда.

– Рұқсат етілмеген қоқыс орындары жиі пайда болатын аумақтарға ерекше назар аударылады. Мәселен, профилактикалық іс-шаралардың бірінде Павлодар қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында қалдықтарды заңсыз төгу фактісі анықталды. "КамАЗ" жүк көлігінің жүргізушісі құрылыс қалдықтарын белгіленбеген жерге төккен. Жиналған материалдар тиісті шешім қабылдау үшін Экология департаментіне жолданды, – деді Павлодар облысы полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасы бастығының міндетін атқарушы Мақсат Сәрин. 

Сонымен қатар полиция қызметкерлері экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтау үшін Жедел басқару орталығының мүмкіндіктерін де пайдаланады. Биылғы жылдың қазан айында бейнебақылау камералары арқылы жүк көлігі жүргізушісінің қалдықтарды заңсыз төккені анықталды. Осындай тағы бір дерек аумақты мониторингтеу барысында тіркелді. Акция аясындағы жұмыс құқық бұзушылықтарды анықтаумен ғана шектелмейді. Полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, табиғатқа ұқыпты қарауға, қоғамдық орындарда тазалық сақтауға және демалыстан кейін қоқыс қалдырмауға шақыруда. Өңірдің тазалығы әрбір тұрғынның жауапкершілігі мен қоршаған ортаға деген құрметіне байланысты. Осыған орай полиция облыс тұрғындары мен қонақтарын абаттандыру қағидаларын сақтауға, экологиялық мәселелерге бейжай қарамауға және құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарлауға шақырады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды