Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте келесі жылы 6 жайлы мектептің құрылысы басталады

Шымкентте келесі жылы 6 жайлы мектептің құрылысы басталады
Фото: pixabay.com

Еліміздегі үшінші мегаполисте «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін 28 мың орындық 18 мектептің құрылысын жүргізу  жоспарлануда. Осы мақсатта 10 700 орындық алты бірдей мектептің құрылысы 2024 жылы басталады деп көзделініп отыр.

Қазір қала аумағында 18 білім нысанының орны анықталған.Оның ішінде,  Абай ауданында - 7, Әл-Фараби ауданында -1, Еңбекші ауданында - 2, Қаратау ауданында - 6, Тұран ауданында - 2 мектептің құрылысы бекітілді. Бүгінгі таңда 13-нің жер учаскесіне мемлекеттік акт алынған. Ал, қалған 5 нысанның жер учаскесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы  4 ғимараттың құрылысына бөлінген жер телімдерін мемлекет мұқтажына алу үшін тиісті шараларды атқаруда. 

Жоспарланған 18 мектеп құрылысы пайдалануға берілген жағдайда жаңадан ашылған шағын аудандардың және сынып толымдылығы жоғары мектептер мәселесі толығымен шешілетін болады.  Сонымен қатар, қосымша  2 579 педагог жұмыспен қамтылады.Жобада жайлы мектептің ерекшеліктері бекітілген. Мәселен, бастауыш және жоғарғы сыныптарға арналған ғимараттың жеке блоктары болады, пәндік кабинеттердің толық жиынтығы, еңбекке баулуға арналған әмбебап шеберханалар мен студиялар заман ағымына сай жабдықталады. Қала берді білім ұяларындағы  спорт залдар мен асханаларда, арнайы кабинеттерде қауіпсіздік жүйелері де мықтап қамтылған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады
2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Мемлекет басшысы KIS Astana халықаралық мектебін аралап көрді
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты