Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа 22 мектеп салынған

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында жаңа 22 мектеп салынған
Фото: pixabay.com

Алматыда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 2025 жылға қарай 37 100 оқушыға арналған жаңа 22 мектептің ашылуы жоспарлануда, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесінің мәліметінше, жаңа форматтағы мектептердің көпшілігі Алатау, Наурызбай аудандарының әрқайсысында - 5, Бостандық ауданында – 4, Түрксіб ауданында – 3, Әуезов ауданында – 2, қалған аудандарда бір-бірден мектеп салу жоспарлануда.

«Мектептер олардың тапшылығы байқалатын мекендерде салынуда. Қазіргі уақытта жобалық-сметалық құжаттарды әзірлеу жұмыстары жүргізілуде. Мектептердің құрылысы 2023 жылдың қарашасында сараптамадан өткен соң басталады. Сондай-ақ, ағымдағы кезеңде қала әкімдігі мен бірқатар аудандардағы жер телімдерінің иелері арасында сегіз мектеп «толық құрылыс» жүйесі бойынша салынып, одан әрі пайдалануға беру туралы меморандумға қол қою жұмыстары жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің жобалық кеңсесі.

Осылайша «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясындағы барлық мектептер бірыңғай стандарт бойынша салынады. Бұл ретте мектептерге қажетті барлық материалдар, құрал-жабдықтар, тіпті жиһаздар да қазақстандық өндірістен болмақ.

«Жайлы мектептерде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға да қолайлы жағдай жасалады, жоғары жылдамдықты интернет жүргізіледі және бастауыш сынып оқушылары, жоғары сынып оқушылары үшін бөлек кіреберістер, сондай-ақ бөлек спорт залдары, асханалар орнатылады. Ең бастысы, мектептерде Face ID және QR-кодтарды қоса алғанда, есіктерді автоматты түрде құлыптаумен кіру және шығуды бақылау жүйесін енгізу жоспарлануда. Мектеп әкімшілігі бүкіл ғимарат пен мектеп аумағындағы жағдайды нақты режимде қадағалап отыруы үшін міндетті түрде бейнебақылау жүргізілетін болады», - деп мәлім етті Алматы әкімдігінің

жобалық кеңсесі.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын Қазақстан Үкіметі 2022 жылы Президенттің «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» жолдауын іске асыру аясында қабылдады.

Жобаның басты мақсаты - апатты нысандарды, үш ауысымды оқытуды және орта білім беру ұйымдарындағы оқушы орындарының тапшылығын жою. Республика бойынша алдағы 2 жылда барлығы 401 мектеп салу жоспарлануда. Ұлттық жобаның операторы «Samruk-Kazyna Construction»АҚ болып табылады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді