Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

2023 жылдың басынан 78 500 орындық 77 мектеп ашылды

2023 жылдың басынан 78 500 орындық 77 мектеп ашылды
Фото: pixabay.com

Үш ауысымдық, апатты мектептердің мәселелерін жүйелі шешу мақсатында мемлекет жаңа мектептерді пайдалануға беру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізуде. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 78,5 мың орындық 77 мектеп ашылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілішсі ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдың соңына дейін түрлі қаржы көздері есебінен 132 мың орынға арналған 154 мектепті, оның ішінде Білім беру инфрақұрылымын қолдау қоры есебінен 76 738 орындық 62 мектепті пайдалануға беру жоспарлануда. Бұл 12 апатты және 29 үш ауысымды мектептің мәселесін шешеді. Жаңа мектептердің басым бөлігі Түркістан облысында – 16, Батыс Қазақстан облысында– 14, Астана қаласында – 10, Қызылорда және Жамбыл облыстарында 7 мектептен салынады.

Бұдан басқа «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Биыл 217 мектептің құрылысы басталып, олар 2024 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Ұлттық жоба бірінші кезекте қалалар мен келешегі бар елді мекендерде жаңа үлгідегі мектептер салуға, оқушылар мен педагогтер үшін жайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға, білім беру қызметінің сапасын арттыруға бағытталған. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша елімізде барлығы 740 мың орындық 369 жайлы мектеп салу жоспарланған.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Бүгін Димаш Құдайберген 30 жасқа толды
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Мультимедиа
Шымкентте «Көк тудың желбірегені» атты патриоттар форумы өтті
Олжас Бектенов Президенттің Жаңаөзенді дамыту жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексеріп, ГӨЗ құрылысымен танысты
Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Мемлекет басшысы ХХХІІІ жазғы Олимпиада ойындарының жүлдегерлерімен кездесті
Мемлекет басшысы «Кәусар» оқушылар сарайын аралап көрді