Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀

Шымкентте «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы өтіп жатыр⁣⁣⠀
Фото: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Цифрландыру және ақпараттық технологиялар қызметкерлері күніне орай «Көрме» орталығында «Shymkent AI Forum – 2026» өңірлік форумы басталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. ⁣⁣

Ауқымды жиынның негізгі мақсаты — өңірде жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды ілгерілету, тың жобаларды көпшілікке таныстыру, IT-компаниялар мен стартаптар арасындағы әріптестікті арттыру және технологиялық кәсіпкерлікке серпін беру.⁣⁣⠀ Форумға мемлекеттік органдардың өкілдері, IT саласының мамандары, кәсіпкерлер, стартап өкілдері, сала сарапшылары, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттері — барлығы 500-ге жуық адам жиналды.⁣⁣⠀


Бағдарлама аясында цифрландыру мен жасанды интеллекттің өзекті мәселелерін қамтитын төрт панельдік отырыс өтеді. Қатысушылар «Цифрлық Шымкент: сын-қатерлер және алдағы міндеттер», «AI дәуіріндегі стартаптар», «Why MedTech?» және «AI & ML. Ертең не істейміз?» тақырыптарын талқылайды. Талқылауларға 14 баяндамашы мен 4 модератор қатысады.⁣⁣⠀

Көрме аймағында технологиялық жобалар кеңінен таныстырылды. Startup Alley алаңында стартаптар өз әзірлемелерін ұсынса, өзге компаниялар технологиялық шешімдерін жеке стендтерде көрсетіп отыр.⁣⁣⠀ ⁣Сонымен қатар қатысушылар үшін медициналық технологиялар саласындағы жаңашыл жобаларды ұсынған 10 команда сынға түсетін «MedTech Startup Battle» байқауы ұйымдастырылды.


Байқаудың жүлде қоры — 1 миллион теңге.⁣⁣ Форум аясында робототехникаға арналған Robo Zone мен Game Zone интерактивті алаңдары да жұмыс істейді. Мұнда келушілер заманауи технологиялармен және жаңа цифрлық шешімдермен тәжірибе жүзінде таныса алады.⁣⁣⠀

«Shymkent AI Forum – 2026» — мемлекеттік секторды, IT-бизнесті, жоғары оқу орындарын және стартап-қауымдастықты тоғыстырған маңызды технологиялық алаң. Форум қорытындысы өңірдің цифрлық және инновациялық әлеуетін арттыруға, технологиялық жобаларды дамытуға және сала өкілдері арасындағы әріптестікті кеңейтуге жаңа мүмкіндіктер ашады деп күтілуде.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды