Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты екі еседен астам өсті

Қазақстанның IT-қызметтерінің экспорты екі еседен астам өсті
Фото: primeminister.kz

Екі жыл ішінде Қазақстанның IT-қызметтер экспорты екі еседен астам өсіп, 1$1,1 млрд-тан асты. Оның жартысынан астамын Astana Hub резиденттері қамтамасыз етеді. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Ростислав Коняшкин баяндады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

«Биыл тоғыз айда резиденттер 317 млрд теңгеге экспорт жасады. Бұл – шикізат емес экспорт және жаңа жұмыс орындары. Яғни нақты нәтиже. Стартап әр кезеңде қолдау алады: акселерация, қаржы, шетел нарығына шығу»,— деді Ростислав Коняшкин.

Astana Hub өңірлік IT-экожүйені дамыту бағытында жұмыс жүргізуде. Бүгінде Қазақстанда 20 өңірлік IT-хаб жұмыс істейді. Олардың базасында 2,5 мыңнан астам іс-шара өткізілген.

Қазақстан халықаралық инфрақұрылымды да кеңейтіп келеді. Қазіргі таңда АҚШ, Қытай, БАӘ және Малайзияда төрт IT-хаб жұмыс істейді. Олардың бағдарламаларынан 61 қазақстандық стартап өтті. Ал 20 қарашада Ұлыбританияда бесінші IT-хабтың ашылуы жоспарланған.

Жасанды интеллект және цифрлық даму бірінші вице-министрі Халықаралық хабтар сыртқы нарықтарға шығу функциясын орындайтынын, әлемдік сараптамаға қол жеткізуге мүмкіндік беретінін және сол арқылы отандық IT-компаниялардың экспорттық мүмкіндіктерін кеңейтетінін атап өтті.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
«Заманауи, таза әрі жанға жайлы»: Валерий Меладзе Астана өзін қалай баурап алғанын айтты
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды