Астанада көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, рөлге қайта отырған 45 жастағы жүргізуші анықталды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері Volvo жүк көлігін басқарған азаматты тоқтатып, тексеру барысында оның бұрын сот шешімімен көлік құралын басқару құқығынан айырылғанын анықтады. Аталған дерек бойынша жүргізуші Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 612-бабының 3-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Көлік құралының мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері алынды. Сот шешімімен құқық бұзушыға 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды. Полиция жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды және сот шешімдерін орындаудың міндетті екенін ескертеді.