Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Алматыда New Vision Forum 2025 халықаралық форумы басталды

Алматыда New Vision Forum 2025 халықаралық форумы басталды
Фото: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Алматыда New Vision Forum 2025 ашылды. Оның жұмысына жиырмадан астам елден келген кәсіпкерлер, инвесторлар, сарапшылар мен креативті индустрия өкілдері қатысуда. Алқалы форум Еуразияның ірі бизнес-алаңдарының бірі саналады, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды форумның аясында негізгі спикерлердің бірі әрі Booking.com, Priceline.com және uBid. com,-ның тең құрылтайшысы, танымал инвестор және кәсіпкер Джефф Хоффманмен кездесті.

Әңгіме барысында тараптар кәсіпкерлікті қолдау, инновациялық экожүйені дамыту және қала экономикасына инвестициялар тарту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, стартаптар ауқымын кеңейту және қазақстандық компаниялардың халықаралық нарықтарға шығуы туралы сөз болды.

Форумға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Дархан Сатыбалды Алматының өңірдегі бизнес, туризм және креативті индустриялар үшін тартылыс орталығы екенін атап өтті.

«Алматы креативті индустрияның жетекші орталығы мәртебесін сақтап отыр. Форум аясында капиталдандырылуы 40 млн долларға жуық креативті индустриялардың Қазақстандағы алғашқы қалалық венчурлық қорын құру туралы келісімге қол қою жоспарланып отыр. Қор кино, дизайн, цифрлық мазмұн және ойын индустриясындағы жобаларды қаржыландыратын болады. Оның орындалуы қала экономикасының дамуына қуатты серпін беріп, Алматының елдің қаржы және іскерлік орталығы ретіндегі рөлін одан әрі толықтыра түседі», - деп атап өтті қала әкімі.

Форум 9-11 қазан аралығында өтеді. Оған жеті мыңнан астам қатысушылар мен жүзден астам экспонент -компания өкілдері қатысуда. Алқалы жиын аясында панельдік пікірталастар, көрмелер, шеберлік дәрістері мен келіссөздер ұйымдастырылып жатыр.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті