Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

ШҚО делегациясы Қытайдағы цифрлық технологиялар форумына қатысуда

ШҚО делегациясы Қытайдағы цифрлық технологиялар форумына қатысуда
Фото: ШҚО әкімдігі

Шығыс Қазақстан облысының делегациясы Қытай Халық Республикасының Қарамай қаласына Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) елдерінің цифрлық технологиялар саласындағы даму және ынтымақтастық форумы аясында қатысу үшін келді. Аталған шара ШЫҰ-на мүше елдердің үздік сарапшыларын, мемлекеттік органдардың өкілдерін, кәсіпкерлер мен ғалымдарды жинап, тәжірибе алмасу мен өңірдегі цифрлық трансформацияның болашағын талқылауға арналған, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ШҚО әкімдігіне сілтеме жасап.

Қазақстандық делегация құрамына білім беру саласының өкілдері, Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ қызметкерлері, кәсіпкерлер, IT-компаниялардың басшылары, саяси партиялардың және медиа қауымдастықтың өкілдері енді.
Делегация жетекшісі, «Атамекен» ҰКП ШҚОФ жанындағы туризм кеңесінің төрағасы Сымбат Рамазановтың айтуынша, бұл форумға қатысу Шығыс Қазақстанда және тұтастай елде цифрлық бастамаларды одан әрі дамыту үшін үлкен мүмкіндік береді.

«Бұл форумға қатысу барлық қатысушылар үшін үлкен серпін беретініне сенімдімін. Өйткені мұнда ШЫҰ елдеріне арналған ақпараттық технологияларды дамыту мәселелері қарастырылады. Форумда ғылыми қызметкерлер, мемлекеттік органдар, министрлер жиналып, жаңа цифрлық шешімдерді іске асыру мен қолдану бойынша ауқымды пікірталас өтеді. Біз баяндамашылардың сөздерінен өзге елдерде қандай жобалар жүзеге асырылып жатқанын көретін боламыз», — деді делегация басшысы.

Форум бағдарламасы үш күнге жоспарланған және онда цифрлық дамудың басты бағыттарына арналған тақырыптық сессиялар өтеді. Атап айтқанда: жасанды интеллект, бұлтты есептеулер, есептеу инфрақұрылымын құру, сондай-ақ цифрлық технологияларды экономиканың әртүрлі салалары мен мемлекеттік басқаруға интеграциялау мәселелері қамтылады.
Форумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Беларусь және Тәжікстаннан делегаттар қатысуда.
«Қытай-ШЫҰ» форумы тәжірибе алмасу, серіктестік байланыстар орнату және цифрлық трансформация саласындағы бірлескен шешімдерді әзірлеу алаңы болып табылады. Талқылаулар нәтижесінде жоғары технологиялар саласындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған жаңа бастамалар мен жобалар ұсынылады деп күтілуде.

«Бірлескен ақпараттық платформаларды құру, бірыңғай цифрлық экожүйе қалыптастыру және үлкен деректерді пайдалану арқылы экономиканың барлық бағыттары бойынша ынтымақтастықты кеңейту — ең маңызды басымдықтар», — деді форумның ашылуында сөз сөйлеген ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттандыру вице-министрі Сюн Цзицзюнь.

Сондай-ақ форумға Қытайдың түрлі мемлекеттік құрылымдарының жоғары лауазымды өкілдері қатысты.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті
Мемлекет басшысы күштік құрылым қызметкерлерін марапаттады