Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жылыту маусымына дейін 17 ауылға табиғи газ беріледі

Жетісу облысының Кербұлақ ауданында жылыту маусымына дейін 17 ауылға табиғи газ беріледі
Фото: Кербұлақ ауданының әкімдігі

Кербұлақ ауданындағы 63 елді мекеннің 26-сы өңірлік газдандыру схемасына сәйкес газдандыруға жатады. Қазіргі уақытта 18 елді мекенде газ тарату желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталды, соның ішінде Сарыөзек  елді мекенінде газ бар. Ал жылыту маусымы басталғанға дейін тағы 17 ауылға газ беріледі. Бұл туралы аудан тұрғындарымен өткен кездесу барысында белгілі болды, - деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Көгілдір отынды Қазансу, Майтөбе, Көксай, Алтынемел, Ақбастау, Доланалы, Жайнақ батыр, Тастыөзек, Шилісу (Қызылжар а/о), Қызылмектеп, Қарымсақ, Тастыбастау, Қызылжар, Шанханай, Амангелді, Сайлыкөл ауылдарына беру жоспарланып отыр, соның ішінде Жоламан ауылына берілді. Сол сияқты тағы 8 ауылда – Қоғалы, Қарағаш, Қаспан, Байғазы, Жаңалық, Шаған, Көкбастау, Қайнарлы ауылдарында жұмыстар жалғасуда. Осы жылдың соңына дейін газ тарту желілерінің құрылыс жұмыстары аяқталып, кезең-кезеңмен табиғи газға қосылатын болады.

- Аудан тұрғындарының өтініші бойынша өңірлік газдандыру схемасына кірмеген елді мекендерге де газ тартылады. Бұл – Сарыбастау, Қарашоқы, Арқарлы, Сәмен, Шилісу (Сарыбұлақ а/о), Малайсары ауылдары. Келесі жылы құрылыс жұмыстары басталады. Бұдан бөлек, Сарыөзек ауылында газбен қамтылмай қалған үйлерге газ желісін тарту жұмыстары 2026 жылдың 1- жартысында аяқталады. Соның нәтижесінде ауданның 32 елді мекені табиғи газға қол жеткізетін болады, бұл 31 мың тұрғын немесе тұрғындардың 75% деген сөз, - деді тұрғындармен кездесу барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Әлібек Жақанбаев.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті