Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Астанада Шұбары елді мекені газға қосылды

Астанада Шұбары елді мекені газға қосылды
Фото: Астана қ. әкімдігі

Астананы газдандыру жөніндегі ауқымды жоба аясында елорданың Шұбары елді мекені табиғи отынға қосылды, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елорда әкімдігінің Энергетика басқармасы «Астана қаласын газдандыру. Құрылыстың III кезегі. Шұбары тұрғын алабын газдандыру (1-5 іске қосу кешендері)» жобасын іске асырды. Осы жұмыс аясында орта қысымды 7,5 шақырым газ жеткізу құбыры, сондай-ақ төмен қысымды 31,3 шақырым ішкі тарату желілері салынды. Нәтижесінде елді мекендегі 890 жеке үй табиғи газға қол жеткізді.

Осыған дейін әкімдік тарапынан газбен қамту желілерін салу бойынша ауқымды жұмыс атқарылып, жалпы ұзындығы 950 шақырымды құрайтын газ желілері жүргізілген болатын. Қазіргі таңда «Көктал-1», «Көктал-2», «Агроқалашыұ», «Теміржолшылар», «Промышленный», Оңтүстік-Шығыс (оң жақ бөлігі), Оңтүстік-Шығыс (сол жақ бөлігі), «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный», Family Village, Vela Village, «Үркер», «Тельман», «Кірпішті», сондай-ақ «Ақбидай», «Қазақауыл» шағынаудандары мен Потанин көшесі аумағындағы қаланың ескі бөлігін қоса алғанда, бірқатар елді мекен табиғи газға қосылды. Қазіргі уақытта газға 13,8 мыңнан астам абонент қосылған.

Сонымен қатар ЖЭО-1 және ЖЭО-2 нысандарындағы 16 қазандық газға ауыстырылды. «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станциялары салынды, олардың жиынтық қуаты 950 Гкал/сағ құрайды. Қуаты 620 Гкал/сағ болатын «Тельман» газ жылу станциясының құрылысы жалғасып жатыр.

Осылайша, биыл «Астана қаласын газдандыру» жобасында көзделген барлық елді мекен мен энергия көздері табиғи газбен толық қамтылатын болады.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті