Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Шымкентте 9 айда 6 елдімекен табиғи газбен қамтылды

Шымкентте 9 айда 6 елдімекен табиғи газбен қамтылды
Фото: Шымкент қаласы әкімдігі

Шымкент қаласында табиғи газбен қамту жұмыстары қарқынды түрде жүріп жатыр. Атап айтқанда, 2023 жылдың 9 айының қорытындысында 6 елді мекенде табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары аяқталған.

Бұл туралы Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасы хабарлады. Жыл басынан бері Шымкент қала аумағындағы Тұран (2-3 кезек), Бозарық (74 га аумақ), Асар-2, Сауле, Ақтас-1 және Арғымақ шағын аудандарында табиғи газ желісінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп, жалпы, 5 085 абонент табиғи газға қосылу мүмкіндігне ие болып отыр.
Сондай-ақ, жыл сонына дейін тағы Ақтас-2, Ақжар және Нұртас шағын аудандарындағы 1 120 абонентті табиғи газбен қамту жоспарланған. Осылайша, биыл атқарылған жұмыстардың нәтижесінде Шымкент қаласының халқын табиғи газбен қамту көрсеткіші 94 пайыздан 96 пайызға дейін өседі деп күтіліп отыр.Сонымен қатар Қайнарбұлақ елді мекенінде мердігер мекеме «Отау Строй» ЖШС-і тарапынан газдандырудың 1-ші және 2-ші кезеңдегі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жұмыс 2024 жылы толық аяқтап, 14 403 абонент көгілдір отынға қол жеткізеді.
Шымкент қаласының энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқарамасының мәліметі бойынша, Тәуелсіздікке 20 жыл елді мекеніндегі 716 абонентті газбен қамту үшін «Бірлестік» ЖШС-і тарапынан жобалау-сметалық құжаттамасы әзірленіп, құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім берілген. Қаржы бөлінсе, құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталуы тиіс. Ал, Айкөл елді мекеніндегі 150 абонентті газға қосу үшін келер  жылы жобалау-сметалық құжаттамасын әзірленіп, 2025 жылы құрылыс жұмыстарын жүргізуге бюджеттік өтінім беріледі.скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Марат Сұлтанғазиев су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысқан әскерилерді марапаттады
Мемлекет басшысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты ХХХІІІ сессиясын өткізді
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты