Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Өңірлерде егін жинау науқаны басталды

Өңірлерде егін жинау науқаны басталды
Фото: primeminister.kz

Тамыздың үшінші онкүндігінде басталуы күтіліп отырған жаппай егін жинау науқаны қарсаңында Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин жедел штаб отырысын өткізді, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінде жаңа өнім жинау жұмыстары он екі өңірде – Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Түркістан, Абай және Жетісу облыстарында, сондай-ақ Шымкент қаласында жүргізілуде. Жалпы жинау алаңы 23,6 млн гектарды құрайды, оның ішінде 16 млн гектары – дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар. Соңғы мәліметтер бойынша, 1,1 млн гектар (дәнді дақылдар егісінің 6,6%-ы) орылып, 1,6 млн тонна астық бастырылды, 17,4 мың тонна майлы дақыл, 363,5 мың тонна картоп, 1,3 млн тонна көкөніс және 1,6 млн тонна бақша өнімдері жиналды.

Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері топыраққа 1,7 млн тонна тыңайтқыш енгізді, бұл жылдық жоспардың (1,9 млн тонна) 88%-ын құрайды. Барлығы 1,8 млн тоннаға келісімшарт жасалған, ал қалған көлемді күзде – күзгі жырту мен парларға енгізу жоспарланып отыр.

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтановтың айтуынша, егін жинайтын техникалардың дайындық деңгейі 93%-ды құрайды, ал жаппай жинау кезеңінде ол 100%-ға жеткізіледі. Жұмысқа 139 мың трактор, 31 мың комбайн, 17 мың шапқыш және 130 мың бірлік басқа да техника жұмылдырылмақ.

Егін жинау жұмыстарына 402 мың тонна арзандатылған дизель отыны бөлінген, оның 9,3 мың тоннасы (жоспардың 42%-ы) шаруаларға жеткізілді. Жанармай бағасы нарықтан 18–20%-ға төмен.

Жаңа өнімді қабылдау үшін элеваторлардан орын босату мәселесі жеке қаралды. Қазіргі уақытта олардың жүктемесі 16%-ды құрайды – бұл жалпы сыйымдылығы 30,7 млн тоннаның (17,4 млн тоннасы – ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінде, 13,3 млн тоннасы – лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарында) 2,2 млн тоннасы. Бұған дейін «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» тамыз айының соңына дейін кемінде 500 мың тонна астық өткізу тапсырылған болатын. Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ильдар Исмағұловтың мәліметінше, қазіргі таңда 328 мың тоннасы сатылды. Таиланд, Парсы шығанағы елдері, Ауғанстан, Әзербайжан және Алжирмен астық жеткізу жөнінде келіссөздер жүргізілуде. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин қалдық астықты өткізуді жеделдетуді тапсырды.

Сондай-ақ көктемгі дала және жиын-терім жұмыстарына 5%-дық жеңілдетілген несиелендіру барысы қаралды. Қаржыландыру «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, екінші деңгейлі банктер, микроқаржы ұйымдары, өңірлік инвестициялық орталықтар, несиелік серіктестіктер және ӘКК арқылы жүзеге асырылады. Барлығы 7 543 өтінім түсіп, 499,4 млрд теңге сұралды, оның ішінде 7 485 шаруашылыққа 490,1 млрд теңге қаржы беріліп, 7,8 млн гектар егістік қамтылды.

Суармалы сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Алматы және Жетісу облыстарында вегетациялық кезең қауіпсіз өтіп жатыр, Жамбыл облысында Шу және Талас өзендері бойынша су беру кестеге сай жүргізілуде. Ауылдық округтерде бақша өнімдерін жинау аяқталып, суаруға деген қажеттілік азайды.

Отырыс соңында вице-премьер оңтүстік және негізгі астық өндіруші өңірлердің өкілдерін тыңдады. Жаппай егін жинау басталғаннан кейін штаб отырыстары апта сайын өткізіліп, туындайтын мәселелер жедел шешілетін болады.


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Баян Алагөзова сәбилі болды
Қайрат Нұртас 15 тәулікке қамауға алынады
Мультимедиа
«Ұлы дала қолөнершілер керуен көші»: ұлттық құндылық пен креатив тоғысы
Маңғыстауда Мемлекеттік рәміздер күні кең көлемде аталып өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде сөз сөйледі
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты
Елордада бірлік пен руханиятты ұлықтаған «Әз-Наурыз» мерекесі өтті