Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстанда 16,1 млн тонна астық бастырылды - ҚР АШМ

Ағымдағы жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша, 15,8 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар немесе жалпы жинау алаңының 99,7% жиналды. Орташа өнімділік гектарына 10,2 центнерді құрап, 16,1 млн тонна өнім бастырылды, оның 11,8 млн тоннасы бидай, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Сондай – ақ 1,6 млн тонна майлы дақылдар, 3,8 млн тонна картоп, 4,6 млн тонна көкөніс дақылдары, 2,6 млн тонна бақша дақылдары жиналды.

Негізгі астық егетін өңірлер - Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында 11,6 млн га жиналды, бұл олардың жалпы жинау алаңының 100% - ын құрайды. Орташа өнімділік 8,8 центрді құрап, 10,1 млн тонна бастырылды.   

Егін жинау жұмыстарын уақытылы жүргізу үшін АШТӨ-ге 396,5 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Энергетика министрлігімен бірлесіп, облыс операторларын МӨЗ-ге бекіту кестесі бекітілді. 2021 жылғы 22 қазандағы жағдай бойынша шілде-қазан айларының кестесіндегі 396,5 мың тоннаның 370,1 мың тоннасы (93%) тиелді.

Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 29,4 млн тоннаны құрайды, оның ішінде астық қабылдау кәсіпорындары 12,8 млн тонна, ауыл шаруашылығы өндірушілері 16,6 млн тонна. 15 қазандағы жағдай бойынша 3,5 млн тонна астық сақтауға жөнелтілді.

Жалпы егін жинау болжанған  көлемде аяқталды. Жиналған дақыл сапасының жоғары көрсеткіштерін атап өткен жөн. Ауыл шаруашылығы министрлігінің болжамы бойынша қалған көлем қазан айының соңына дейін жиналады.

 


скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
«Таза Қазақстан»: Астанада «Рыскелді қажы» мешітінің маңында экологиялық акция өтті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Президенті Владимир Путин шағын құрамда келіссөз жүргізді