Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Батыс Қазақстан облысында дәнді дақылдарды ору жұмыстары жүргізілуде

Облыс бойынша биыл дәнді дақылдар алқабы 248,1 мың га құрап отыр. Оның ішінде күздік дәнді дақылдар - 108,4 мың га-ды құраса,  жаздық дәнді дақылдар - 139,7 мың га. Қазіргі таңда барлығы 229,4 мың га дәнді дақылдар орылып, 165,1 мың тонна өнім алынды.Ору жұмыстарының орташа өнімділігі – 7,2 ц/га құрады, деп хабарлайды kazlenta.kz.

Биылғы ауа-райының қолайсыздығы мен қиындығына қарамастан астық жинау науқаны уақытылы іске асырылды. Егіс науқаны сапалы тұқымдарды қолдана отырып, тыңайтқыштарды уақытында қолдану арқылы жүзеге асырылды. Сонымен қатар армшөптер мен ауруларға қарсы химиялық өңдеулер де уақытылы, дер кезінде жүргізілді. Осы жылы топырақтағы және ауадағы құрғақшылыққа байланысты дәнді-дақылдар егістіктерінің жағдайы айтарлықтай нашарлаған болатын және бұл тек елімізде ғана емес, барлық әлемдегі астық егетін елдерде орын алып отырған жайт болып табылады.

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы күздік дәнді дақылдар толықтай жиналды деп хабарлайды. 102,9 мың га алқаптан орташа 8,0 ц/га өнімділікпен 82 мың тонна астық алынған. Қазіргі уақытта жаздық дәнді дақылдарды ору жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Жиналатын 132,9 мың га дәнді дақылдардың 126,5 мың га, пайызға шаққанда 95,2% алқабы орылып, 6,6 ц/га орташа өнімділікпен 83,1 мың тонна алғашқы салмақта астық алынды.

Өңірде майлы дақылдарды жинау жұмысы жа қарқынды іске асырылуда. Жедел ақпаратқа сәйкес облыс бойынша 120,9 мың га майлы дақылдар алқабы орылуы тиіс. Оның 42,6 мың га орылып немесе 35,2%, 5,8 ц/га орташа өнімділікпен 24,8 мың тонна өнім алынды.

Батыс Қазақстан облысында картоп және көкөніс-бақша дақылдарын жинау жұмыстары да жақсы қарқында атқарылып жатыр. Бүгінгі таңда отырғызылған 3 923 га картоптың 915 га , пайызға шаққанда 23,3%  жиналып, 132,5 ц/га орташа өнімділікпен 12 127 тонна өнім алынып отыр.

3 515 га көкөніс дақылдарының 2 487 га , пайызға шаққанда 70,8%  жиналып, орташа 130,5 ц/га өнімділікпен 32 445 тонна көкөніс өнімі жиналды. Жиналуға жататын 1 728 га бақша дақылдарының 1 341 га, пайызға шаққанда 77,6%  жиналып, орташа 145,3 ц/га өнімділікпен 19 481 тонна өнім алынды.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін жинау жұмыстары әлі де жалғасуда.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Димаш Құдайберген Ақтөбе облысының құтқарушыларына алғысын білдірді
Димаш Құдайберген жаңа бейнебаяны шыққанын сүйіншіледі
Димаш Құдайберген аты аңызға айналған опера әншісімен бірге ән айтты
Әлем жұлдыздары Астанада өткен Қысқы қайырымдылық балын қолдады
Димаш Құдайберген Сербияда беделді «Ағайынды Карич қоры» сыйлығын алды
Мультимедиа
Олжас Бектенов Nazarbayev University ғылыми әзірлемелерімен танысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Әзербайжанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің бірінші отырысына қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақтың ойындары» халықаралық турнирінің ашылу рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттік жастар кадр резервінің форумына қатысты
Олжас Бектенов IV қысқы жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының жеңімпаздарына Мемлекет басшысының алғыс хаттарын табыс етті