Бұл студенттерге, мектеп түлектеріне арналған әлеуметтік-білім беру іс-шарасы. Ол Гарвардтың Кеннеди атындағы мемлекеттік басқару мектебінде (HKS) оқуды, терең білім алу мәселесін қаузайды. Іс-шараға Алматы әкімі Ерболат Досаев қатысты. HKS магистратура бағдарламасына оқуға түскен Қазақстан мен Орталық Азия талапкерлері үшін мемлекет қайраткері әрі кәсіпкер Нұрлан Қаппаровты еске алуға арналған шәкіртақы белгіленді.
«Бұл Орталық Азиядағы жалғыз, бірегей стипендиялық бағдарлама. Гарвард университеті өзінің түлегі Нұрлан Қаппаровтың еңбегін бағалап, мойындап, бұған қолдау көрсетті. Бағдарлама барынша ашық, үздік талапкерді Гарвардтың қабылдау комиссиясы таңдайды. Барлығына мүмкіндік бірдей. Сіздерге айтарым, әрдайым оқуға талпынып, жаңа білім алып, тәжірибе жинау қажет. Бұл адамға сенімділік береді», - деді Ерболат Досаев.Әр жылдары NK Fellowship лауреаттары дәріс пен тұсаукесер өткізді, кез келген адам HKS өкілінен өзінің көкейіндегі сұрақтарға жауап ала алды.