Алматы әкімі Ерболат Досаев «Нархоз» университетіне барып, Narxoz Housing жаңа жатақханасының құрылысымен танысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құрылыс акционердің қаражаты есебінен жүргізіліп жатыр, жұмыс 80% аяқталды. Жатақхана жаңа оқу жылында пайдалануға беріледі. Жатақхана грант пен коммерциялық негізде оқитын студенттерге арналған. Ерекше қажеттілігі бар студенттерге арналған бөлмелер қарастырылған. 424 орындық жатақханада жайлы инклюзивті бөлмелер, асхана, медициналық орталық, коворкинг-аймақ, оқуға және демалуға арналған қоғамдық кеңістіктер болады. Аумақ абаттандырылады: 100-ден астам бұта мен ағаш отырғызылады, workout-аймақтар және сирек кездесетін өсімдіктері бар шатыр құрылады. Алматыда 199 мыңнан астам студент бар, оның 62,2%-ы қаладан тыс жерлерде тұратындар. Жатақхана тапшылығы мәселесін шешу үшін жобалық кеңсе іске қосылды. Ол өзінің тиімділігін көрсетті. Іске қосылған сәттен бастап 120 әлеуетті инвестор жүгінді. Алматы студенттерге қолайлы жағдай жасап, жақсы өмір сүру мен алаңсыз оқуды қамтамасыз етіп келеді.
19-06-2024, 12:17
Ерболат Досаев «Нархоз» университетінің жаңа студенттік жатақханасының құрылысымен танысты
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз