Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан Ауғанстан бағытындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуды қолдады

Қазақстан Ауғанстан бағытындағы өңірлік өзара іс-қимылды нығайтуды қолдады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Орталық Азия елдерінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілдерінің Өңірлік байланыс тобының екінші отырысы өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі Елшісі Ержан Қыстафин қатысты, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Отырыс барысында қазақстандық тарап Ауғанстанда бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және орнықты дамуға жәрдемдесу мақсатында Орталық Азия мемлекеттерінің күш-жігерін одан әрі біріктірудің маңыздылығын атап өтті.

Ауғанстанмен сауда-экономикалық, көлік-логистикалық және гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы тұрғыда өзара тиімді экономикалық байланыстарды дамыту, көлік қатынасын нығайту және Ауғанстанды өңірлік экономикалық процестерге тартуға ықпал ететін бірлескен өңірлік жобаларды іске асырудың маңыздылығы атап өтілді.

Іс-шара барысында өңірлік қауіпсіздіктің өзекті мәселелері де талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша қатысушылар Орталық Азияның орнықты дамуын қамтамасыз ету мақсатында көпжақты ынтымақтастықты одан әрі дамытуға бейілділігін растады.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Алматы облысы Республика күнін кең көлемде атап өтті
Қазақстан Президенті Бельгиялықтар Королімен және Патшайымымен бірге Ұлттық музейге барды
Алматыда бір күнде 1,2 мыңнан астам ағаш егілді
Алматының Түрксіб ауданындағы «Жұлдыз» шағынауданында аулалар жаңартылды
Шымкентте Тіленшин көшесіндегі жаңа автокөлік өткелі ашылды