Ru  Kz
Барлық жаңалықтар

Қазақстан мен Корея саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады

Қазақстан мен Корея саяси және экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Арман Исағалиев Корея Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Солтүстік-Шығыс және Орталық Азия Бюросының Бас директоры Нам Джинмен кездесті, деп хабарлайды kazlenta.kz тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында екі ел арасындағы саяси диалогтың, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың дәйекті дамуы аталып өтті.

А. Исағалиев Қазақстанның екіжақты күн тәртібін өнеркәсіптік кооперация, жасанды интеллект, инфрақұрылым, білім беру және басқа да перспективалы бағыттардағы нақты әрі өзара тиімді жобалармен одан әрі кеңейтуге мүдделі екенін атап өтті.

Корей тарапы, өз кезегінде, іс-жүзінде өзара іс-қимылды жандандыруға және ортақ басымдықтарды ілгерілету мақсатында саяси диалогтың жоғары деңгейін сақтауға дайын екенін растады.

«Орталық Азия – Корея Республикасы» ынтымақтастық форумы шеңберіндегі өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар биік және жоғары деңгейлердегі екіжақты және көпжақты іс-шараларды дайындау бойынша тығыз үйлестіруді жалғастыруға уағдаласты.

скачать dle 11.1смотреть фильмы бесплатно
Егер мәтінде қате байқасаңыз, оны таңдап, Ctrl+Enter пернелерін басыңыз
ҚАЗІР ОҚЫП ЖАТЫР
для добавления комментариев
Уже зарегистрированы?
ПІКІР ҚАЛДЫРУ
Или водите через социальные сети
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
Алматыда бірқатар білім және мәдениет саласының үздік қызметкерлері мемлекеттік наградалармен марапатталды
Аида Балаева мәдениет және медиа саласының қызметкерлеріне мемлекеттік наградалар табыстады
Димаш Құдайбергеннің жаңа әні ең көп тыңдалған топ-100 әннің қатарына енді
Актер Шәріп Серік қызды ұрды деп айыпталғаннан кейін мәлімдеме жасады
Валерий Меладзе Астананың сұлулығына таң қалды
Мультимедиа
Президент Райымбек ауданының тұрғындарын 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Ақсайдағы 90 жылдық теміржол вокзалы қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді
Алматы мектептерінде аттестат тапсыру рәсімі аяқталды: оқу жылының қорытындысы шығарылды
Алматы облысында «Қымызмұрындық» мерекесі өтеді